Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет177/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

203
5.1 сурет.
Аэрофотосурет материалдарын пайдалана отырып ірі масштаб-
ты топографиялық карталарды жаңарту мен құрудың сызбасы
Жаңадан құрылатын карталарда жергілікті жерді аэрофото-
түсіруден бұрын біршама жоғары сыныпты мемлекеттік геоде-
зия 
лық тор қосынынан бастап тірек нүктелерін жиілендіру 
жұмыс тары жүргізіледі. Олар түсірілімдерде көрініп тұру үшін 
жергі лікті жердегі кескінді нысандар таңдалып алынады неме-
се тез танылатын арнайы белгілермен белгілейді. Нəтижесінде 
алын ған 
фотосұлба
(
план
) топографиялық картаның дəлдігіне 
сəй кес келетін жергілікті жердің үлгісі болып табылады. Дайын 
бол ған фотосұлба көшіріліп одан əрі фотограмметриялық жəне 
дала лық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 
Аэрофотосуреттерді дешифрлеу картаны құру мен өңдеу ба-
рысында атқарылатын жұмыстардың негізгі тармағы болып табы-
лады. Дешифрлеу үрдісінде фотосұлбада жергілікті жердің барлық 
құрамдас бөліктері мен нысандары сызылады. Алдымен аэрофото-
сурет стереоаспаптарда камералық жағдайда дешифрленіп, содан 
кейін аумақта қажетті приборларды пайдалана отырып, жергілікті 
жерде жаппай жəне бағыттық, жерүсті, аэро көру сияқты аумақты 
далалық зерттеудің барлық түрлері жүр гі зі леді. 


204
Фотосұлбалар (пландар) жергілікті жерде тексеріледі. 
Сұлбадағы жергілікті жердегі нысандар кескіндерінің орнының 
ауытқуы 0,5 -1 мм аспауы тиіс. 
Буссоль тілінің магниттік ауытқуын құрылатын карта бетінде 
тең мөлшерде таралған 10-15 нүктеден анықтайды да ортақ 
мəнін оның бетіне жазады. Технологияға байланысты картаның 
түпнұсқасы картаны бастыруға дайындау цехында рəсімделеді. 
Компьютерлік технология қолданғанда, одан əрі көбейтіп басты-
ру үшін сандық деректер алынады.
Картаның түпнұсқасын дайындаудың барлық кезеңдерінде 
құрылған картаның дəлдігі сараланып, сондай масштабта 
құрылған сол аумақты қамтыған карталар мазмұнымен мұқият 
салыстырылып тексеріледі.
Кейде географиялық мақсатта фотосұлбамен үйлестірілген 
топографиялық картаның түпнұсқасы шығарлады. Олар 
фото-
карталар 
деп аталады. Фотокарталарда топографиялық картаның 
кестетік салмағын сызықтық жəне масштабтан тыс элементтері, 
жергілікті жердің фотобейнесі болады. Елдімекендердің атаула-
ры ғана жазылады. Олар топографиялық картадан көрнекілігімен 
ғана ажыратылады жəне жыл маусымдарындағы жергілікті 
жердің сыртқы ерекшеліктерін көрсетеді. 
Сондықтан фотокарталарды тундра, орман, дала жəне шөл 
аймақтарында орналасқан аудандардың табиғатын оқып-үйрену 
мақсатында кеңінен қолданады. Олар географиялық топырақ, 
өсімдік, геологиялық карталарды құру барысында құбылыстар 
таралған аумақтың кескінін тексеруді жеңілдетуі мүмкін. 
Бірақ топографиялық картамен салыстырғанда оны пайда-
лануды шектейтін көптеген кемшіліктер бар. Басқа нысанның 
көлеңкесі жауып қалатындықтан фотобейненің біраз бөлігі 
көрінбейтіндіктен олар арнайы анықтауды қажет етеді. Соны-
мен қатар суреттің тығыздығы қосымша салмақ түсіруге кедергі 
келтіреді. 
Фотокартаны дайындау мерзімі топографиялық картаға 
қарағанда əлдеқайда қысқа. Қазіргі кезеңде ғарыштық түсірулер 
негізінде қолданып құрылған фотокарталар кеңінен қолданылып 
жүр. Олар түрлі-түсті жəне ақ-қара нұсқада шығарылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет