Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ірі масштабты карталарды жергілікті жерде бағдарлау



Pdf көрінісі
бет269/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ірі масштабты карталарды жергілікті жерде бағдарлау 
мақсатында пайдаланудың маңызы. 
Топографиялық карта бейта-
ныс жерде жолбасшы болатын маңызды құрал болып табылады. Одан 
өзің тұрған орынды жылдам тауып, белгіленген бағытпен сенімді əрі 
алаңсыз қозғалуға болады. 
Картаның қазіргі кезеңде бағдарлау құралы ретіндегі қызметі 
күннен-күнге артуда.
Жергілікті жерде бағдарлау мақсатында туристік саяхат кезінде 
жол басшылар, маман геологтар мен əскери құрамалардың басшы-
лары көбінесе 1:50 000, 1:100 000 масштабты топографиялық карта-
ларды қолданады.
Картаның көмегімен бағдарлау жақын орналасқан бағдарларды 
пай далана отырып, жергілікті жермен беттестіруді, өзің тұрған орын-
ды анықтауды жəне карта арқылы бағдарлап қозғалуды қам ти ды.
Жергілікті жерде дұрыс бағдарлау үшін картадан өзің тұрған 
орынды тауып алып, бағдардың дұрыстығына көз жеткізу үшін 
жергілікті жердегі жақын жəне алыс орналасқан бағдарларды таба 
отырып, картаны жергілікті жермен беттестіреді. Карта бойынша 
бағдарлауды үйрену кезінде жергілікті жердегі бағдар болар заттар-
ды картадан тауып, бір-бірімен беттестіруді бағдарлау тəсілдерін 
меңгеруі қажет. 
Картаның көмегімен бағдарлау үшін оны көлденең түзу жағ дай-
ға келтіріліп, солтүстік (жоғарғы) бұрыштамасын солтүс тік ке ба ғыт-
тауы тиіс.
Картаны мұндай жағдайда ұстау жергілікті жердегі заттармен 
жер бедерінің негізгі пішіндері бір-біріне сəйкес келуіне мүмкіндік 
береді.Картамен бағдарлау сызықтық бағдарлау немесе тұратын ор-
нын алдын-ала белгілі болған жағдайда бағдарға бағыттау арқылы 
жүргізіледі.
Сызықтықтарды бағдарлау 
шамамен
көз мөлшері
мен немесе 
нақты
болуы мүмкін. Шамамен көз мөлшерімен бағдарлау кезінде 
өзің тұрған нүктеден сызықтық шартты белгімен жергілікті жердегі 
сызықтық бағдармен сəйкес келетіндей етіп картаны ойша бұрады. 
Мысалы, сызықтық бағдар ретінде алынған жолдың шартты белгісін 
жергілікті жердегі бағдар ретінде алынған жолға бағыттап бір-біріне 
сəйкестендіреді.


316
Нақты бағдарлау
үшін картаны көлденең түзу жағдайға келтіріп, 
ондағы сызықтық бағдардың (өзен, жол, т.б.) шартты белгісіне ны-
саналы сызғышты қойып, жергілікті жердегі бағдардың бағытымен 
үйлестіреді. Содан соң сызықтық бағдар ретінде алынған жолдың 
оң жағымен сол жағындағы заттар мен жер бедерінің пішіндерінің 
барлығының картада бар-жоғы тек се ріледі. Егер шартты түрде орын-
далса, онда бағдар дұрыс деп есеп телінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет