Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет397/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

 
 
10. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ
Цифрлық білім беру ресурстары – бұл цифрлық формада ұсынылған 
фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық үлгілер, 
виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық 
материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, 
мәтіндік құжаттар және оқу процесіндегі ресурстар болып табылатын өзге де оқу 
материалдары.
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында 
құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.
Оқыту процесінде пайдалану үшін цифрлық ресурстардың келесі тізімі 
ұсынылады: 
«Duolingo». 
Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, 
сөйлем құрастыру және тапсырмаларды таймермен орындау қажет. Сервис 
ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке 
бағдарламаңызды құрайды. Сайт тегін, бірақ ақылы жағдайда жарнаманы алып 
тастауға болады. 
«Memrise». 
Ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін, интерактивті 
тапсырмалар мен әртүрлі тақырыптарға (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және 
т.б.) арналған жүздеген курстарды қамтитын портал. Сонымен қатар, Memrise 
дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. 
Қаласаңыз, басқалар пайдалану үшін оқыту курсын өзіңіз де жасай аласыз. 
«Udemy». 
Пайдаланушылар ұсынған он мыңдаған курс бар сайт. 
Курстардың басым көпшілігі ағылшын тілінде берілген. Музыка мен дизайннан 
бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейінгі салалар қамтылған. 
Курстардың ұзақтығы екіден сегіз сағатқа дейін. 


371 
«edX». 
Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайн-
курстар табуға болады. Гарвард немесе Массачусетс технологиялық 
институтының оқушысы ретінде сезінудің тамаша тәсілі. Философия, 
логистика, программалау, саясаттану, өнертану және т.б. ғылым саласы 
бойынша мәліметтер табуға болады. 
«Coursera». 
Әртүрлі тақырыпқа арналған курстар бар ірі порталдардың бірі. 
Мұнда кез келген тақырып бойынша зерттеу жүргізе аласыз. Қаласаңыз, үйден 
шықпай-ақ, қандай да бір шетелдік университеттің сертификатын алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет