Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет95/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

 
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Математика 
және 
информатика» 
білім 
саласының 
мазмұны 
«Математика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндері арқылы жүзеге 
асырылады. 
 
«Математика» оқу пәні
 
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін 
дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде 
қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, 
талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен 
заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта 
құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім 
мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге 
негіз болады. 
Математика» 
пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, 
математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді 
шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, 
басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған. 
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат; 
2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 
3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат; 
4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды. 
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, 
математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер мен дағдыларды 
жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі. 
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде 
жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады: 
1.
Сандар және шамалар. 
2.
Алгебра элементтері. 
3.
Геометрия элементтері. 
4.
Жиындар. Логика элементтері. 


71 
5.
Математикалық модельдеу.
Білім 
алушылардың 
математика 
курсы 
бойынша 
білімдерінің 
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы 
бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын 
«Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын 
амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында 
негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты 
болып 
табылатын 
«Геометриялық 
фигуралар» 
бөлімшесі 
кеңінен 
қарастырылған. 
Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында 
логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық 
байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын 
ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS 
халықаралық зерттеулерінде кездеседі.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған 
критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, 
оқу тапсырмаларын бере алады (21-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет