Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

 
№42
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы адалдық сезімге қатысты өз 
пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз. 
Әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт азаттық, демократиялық бағытты өмір 
соңына дейін ұстанып өткен атамыз Мағжан Жұмабаев еді. Бұл жазушының қыл қаламынан 
небір кереметтер жарыққа шықты. Әр шығармасымен таныса отырып, өзім үшін жаңа 
ақпараттарды тани отырамын. Ең бір көңілімнен шыққаны ақынның «Батыр Баян» поэмасы.
Батыр Баян шынайы, тарихи кейіпкер. Туынды да батыр басынан өткен ауыр жағдай 
суреттеліп, сипатталады. Мазмұнына тоқтала кетсем, Баян қалмақтармен соғыста жеңіп, 
Құралай атты қалмақ қызын тұтқын ретінде алып кетеді. Алайда ол Құралайға ғашық еді. 
Сонымен қоса, Баянның туған інісі Ноянның да көзі қалмақ қызына түседі. Қыз Ноянды 
пайдаланбақ болып, жеке бас пайдасын ойлайды. Ночн екеуі Құралайдың еліне қашпақ 
болғанда, Баян ашуға мініп, арттарынан ереді. Ақыр соңында батыр туған інісін және өз 


ғашығын өз қолымен өлтіруге себепші болады. Мінекей қысқаша мазмұны осындай. Бұл 
шығармадан адалдықтың қандай түрін байқауға болады? Ол қалай берілген? 
Менің ойымша, бұл туған елге деген адалдық. Адалдық сезімінің күштілігі мен беріктілігі 
соншалықты, тіпті ағасы қаны бір туған бауыры мен аңсары ауған ғашығын өлтіруге дейін 
барады. Біржағынан Баян батырды қолдаймын, шыныменде, елі мен кіндік қаны тамған жері 
үшін осындай әрекетке барды деп түсінемін. Ал екінші жағын алып қарасақ, туған інісін 
өлтірмеу үшін басқаша бір амал қарастырып, Ноянды өзге елге қашып кетпеуінің алдын 
алуға болар ма еді деп ойлаймын... 
Қорыта келе,Мағжан атамыздың осы шығарма арқылы бізге жеткізгісі келгені, туған елдің 
және отбасы мен жақынның әрқайсысының өз орны бар. Бір құмалақ бір қарын майды 
шірітеді демекші, жаман қасиеттің алдын алып, алаш қамы үшін соншалықты үлкен 
қасіретке баруы, нағыз елге деген адалдық пен патриоттық сезімнің көрінісі. Сонымен қатар, 
мен Ноян батырдың бақилық болуын қаламасамда, оның қыз соңынан еріп, сатқындық 
жасауын бәрібірде дұрыс әрекетке баламаймын. Дәл Баяндай батыр бабаларымыздың 
арқасында, еліміз ел болып, керегесін берік ұстап, алаш ұрпағы деген мәртебелі атқа лайық 
ел болып келе жатырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет