15.
Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарт-
тар:
Бұл бөлікте келісімнің негізгі бөлімдерінде айтылмаған, екі жақтың
қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы:
«Жұмысшыға жылына бір рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім
беріледі». «Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса,
ұйымның балабақшасынан орын беріледі
» т.б.
16.
Келісімдегі ерекше жағдайлар:
Бұл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажет ететін ерекше
жағдайлар айтылады. Бұл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті ұйымдастыру
ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайына
қарай қаралады. Сонымен қатар бұл бөлікте ерекше жағдайлардан басқа
келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз
болады.
139
Орынғазы Әбутәліп
Достарыңызбен бөлісу: |