4. Бас тарту хат
қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік
болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы
келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
5. Кепілхаттың
мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе
қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу
жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант
ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық
күші болады.
6. Жауап хаттың
мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты
болады. Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап
етуге байланысты жауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама
(кіріс) хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат
жеке тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі.
Мәтінде бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі:
ұсыныстан бас тарту, өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты,
анық түрде берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |