М.Бердібаев – мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау
кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про
-
фессор.
Оқу құралына қатысты негізгі ой-пікірлер мен сын-ескертпелер,
ұсыныстар айтылды. Енді талдауды қорытындыласақ... Пікірлердің
барлығы оң. Әріптесіміздің аталған еңбегін студенттерге қажетті
құрал ретінде баспаға ұсынуға болады. Осы ұсынысты ашық дауысқа
салайық.
Дауыс беру нәтижесі: «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ,
«қалыс қалғандар» – жоқ.
2. ТЫҢДАЛДЫ:
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, фило-
логия ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев филология
ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа 10.01.00 – әдебиеттану
мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау
жөніндегі хабарлама жасады.
А.Мамыров баспа ісі және редакциялау кафедрасында доцент мінде-
тін атқарушы болып 1 жыл қызмет істеді. Университетте 2000 жыл-
дың тамыз айынан бері істейді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 16 жыл.
2001 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық диссер-
тация қорғағаннан кейін 9 ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішінде 2
оқу құралы, біреуі серіктес авторлықта, біреуі жеке авторлықта жарық
көрді. Оқытушының теориялық және әдістемелік бағыттағы ізденістерін
227
Орынғазы Әбутәліп
қолдай отырып, А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо-
йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми
кеңесіне кафедра атынан өтініш білдіргеніміз дұрыс деп санаймын.
2. ЖАРЫССӨЗ:
Достарыңызбен бөлісу: |