О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет49/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Тілдік бірліктер:
Қарсы емеспін
• Келісемін
• Қаралсын
• Талқылансын
• Бекітілсін
• Бекітемін 
• Тапсырылсын
• Ұсыныстар даярлансын
• Комиссия құрылсын
• Баяндалсын 
Таныстым 
• Растаймын 
• Куәландырамын 
• Шара қолданылсын
• Тағайындалсын 
• Қызметінен босатылсын
• Жұмыстан шығарылсын 
• Өтемақы төленсін
• Мәселе қаралады
Қабылданбайды 
• Орындалсын 
• Шешілсін 
• Қаралады 
• Іске қосылсын 
• Жеке еңбек шарты бұзылсын 
• Жарамсыз деп табылсын
• Жауапты адам тағайындалсын 
• Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын 


50
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Жолға қойылсын 
• Бақылауға алынсын 
• Өзгерістер енгізілсін 
• Арнайы комиссия құрылсын
• Қарастырып тиісті жауап беріңіз 
• Нақты ұсыныстар енгізіңіз 
• Нәтижесін баяндаңыз 
• Тиісті жауап дайындаңыз
h
Сөздік және сөз тіркестері:
қарсы емеспін
– не против
келісемін
– согласен
қаралсын
– рассмотреть
талқылансын
– обсудить
бекітілсін
– утвердить
бекітемін 
– утверждаю
тапсырылсын
– поручить
ұсыныстар даярлансын
– подготовить предложения
комиссия құрылсын
– создать комиссию
баяндалсын
– доложить
нақты ұсыныстар енгізіңіз – внесите конкретные предложения
нәтижесін баяндаңыз
– доложите результат
тиісті жауап дайындаңыз
– подготовьте соответствующий ответ
қарастырып, тиісті 
жауап беріңіз
– рассмотреть и дать соответствующий
ответ


51
Орынғазы Әбутәліп
ӨТІНІШ

 
Анықтамасы:
 
Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен 
мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жаз
-
баша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды 
тұлғаға бағытталған ресми құжат.
 
Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы журналы-
на тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. 
Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш 
негізінде
бұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп 
түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мыса-
лы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті 
еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі 
көрсетілуі тиіс.
Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:
 
оқуға түскен кезінде;
 
басқа оқу орнына ауысқанда;
 
бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
 
жатақханадан орын сұрағанда;
 
жұмысқа қабылдау кезінде;
 
басқа жұмысқа ауысқанда;
 
жұмыстан босату кезінде;
 
кезекті демалыс сұрау кезінде;
 
кезектен тыс демалыс сұрағанда;
 
материалдық көмек сұрағанда;
 
денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге 
жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және 
қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. 
Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін 
басталады.
6
Құрылымы:
1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні
дәрежесі / атағы).


52
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2.Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
3. Құжат атауы (өтініш).
4. Негізгі мәтін.
5. Жазылған мерзімі.
6. Өтініш иесінің қолы.
Ескерту!
• 
Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі 
туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы 
жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
• 
Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен тол-
тырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.
• 
Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе 
босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растай-
тын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, ауырғаны туралы анықтама 
қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса 
тіркеледі.
• 
Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі, не бекітілген демалыс 
кестесі арқылы, не жеке өтініш бойынша шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет