Өтініш түріндегі арыз
– белгілі бір тұлғаның бір нәрсеге риза бол-
май арыздануы. Бірақ арызданушы шара қолдануды емес, өзінің талап-
тілегінің орындалуын сұрайды. Мысалы: №377 дәрісхананың суық бо-
луына байланысты бірнеше студент суықтап ауырып, сол себепті басқа
дәрісханаға ауыстыруды сұрады.
Шағым түрінде жазылатын арыз
– құқығының бұзылуына байла-
нысты шағымданып, шара қолдануын сұрау. Мысалы: Көрші бөлмедегі
Жұлдыз деген қыз музыканы түнгі 12-ден кейін дауысын өте қатты
шығарып қояды. Бізге сабақ оқып, демалуға кедергі жасайды. Бірнеше
рет ескертілді. Бірақ тыңдамады. Осы мәселеге байланысты шара
қолдануыңызды сұраймыз.
61
Орынғазы Әбутәліп
Достарыңызбен бөлісу: |