О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


МІНЕЗДЕМЕ 2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет



Pdf көрінісі
бет67/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

МІНЕЗДЕМЕ
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет
. Мінездеме 
берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: аты-жөні, 
туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы, білімі, бітірген оқу 
орындары, қызмет істеген жылдары, орны, қазіргі атқаратын қызметі. 
3. Негізгі мәтіні.
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз 
мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, 
біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. 
Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен 
қарым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, 
кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы), жеке 
басының адамгершілік қасиеттері, сын көтеру қабілеті жазылады. 
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерт- 
теу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдас- 
тырушылық қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, 
қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт тілдік бірліктерді 
қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет