98-сурет. Төртінші ретті (б) және алтыншы ретті (а) инверсионды
симметрия осі бар көпжақтылар
.
Осы операцияны тетраэдрдің барлық жақтарына қайталасақ, олардың
өзіне-өзі сәйкес келетініне көз жеткізуге болады. Тетраэдрді 360
-қа бұрсақ,
осындай төрт сәйкестікті алуға болады. Олай болса, LL осі төртінші ретті
инверсионды ось, сонымен қатар екінші ретті L
2
қарапайым орталық симметрия
осі болады екен. Алтыншы инверсиондық осьтің әсері үшінші ретті ось L
3
секілді және оған перпендикуляр жазықтық симметриясы өтеді. Мысалы,
тригональды призмада (24 «а» сурет) LL сызық L
3
осі болады. Сонымен 60
-қа
бұрып және одан кейін фигураның орталық нүктесіндегі шағылыс көрінісінде
фигура өзіне-өзі сәйкес келеді.
Бұл сәйкестікті призмалық АВ қырын қарастырып көз жеткізейік. АВ-ны
LL осі бойынша 60
бұрышқа бұрсақ, АВ қыр А
1
В
1
-дің орнына келеді. Оның
инверсия орталығындағы шағылған көрінісі ЕН қырмен сәйкес келеді. Осы
операцияларды призманың басқа да қырларына орындасақ, призманың өзіне-өзі
сәйкес келгенін көруге болады. Сонымен LL осі 6-шы ретті инверсионды ось
екендігіне көз жеткіздік.
Барлық жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынаны жазуға
болады:
Достарыңызбен бөлісу: |