20
Төрт түсті текшені оң жаққа, төрт түсті текшені сол жаққа бірінің
үстіне бірін қойып жинаңдар деп тапсырма беріледі. Оны қойып болған соң
оларды бір-біріне қарай жылжытып жақындатып, оның үстіне көлденең
кірпішті қоямыз, сонда биік қақпа дайын болады. Екінші қақпаны жасау
үшін дәл осылай тапсырма беріледі, бірақ текшелердің саны «аз», биік қақпа
жасау үшін текшелердің саны «көп» болуы керек деп түсіндіріледі. Екінші
қақпаны да текшелердің түсі және санына қарай орналастырып, оны биік
қақпаның қасына әкеліп қойып, салыстырып көреді, қайсысы биік, қайсысы
аласа қақпа екенін ажыратып айтып береді.
Балалар қақпаны құрастырып болған соң педагог: «қақпа – ворота, биік
– высокий, аласа – низкий, кең – широкий, тар – узкий» сөздерін
таныстырып, қайталатып, бекітеді.
Сергіту сәті.
Тез қозғалып осылай,
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
(Б.Бөрiбаев)
Педагог балалардың оқу қызметіне бақылау мен басшылық жасайды.
Балалар текшелердің түстерін қарай отырып, бірінің үстіне бірін қояды, бір-
біріне жақындатады, үстіне көлденең кірпіш қояды. Балалар екінші аласа
қақпаны да құрастырады, оны салыстырып көреді. Биік қақпаға жүк
мәшинесін, аласа қақпаға жеңіл мәшинелерді кіргізіп, ойын ойнайды.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалардың қақпаларды қалай
құрастырғанын, құрылыс материалдарын тиімді пайдалана алғандарын,
түстерді дұрыс ажырата алғанын және оны кеңістікте дұрыс
орналастырғанына қарай еңбек нәтижелері қорытындыланып, мадақталады.
Достарыңызбен бөлісу: