ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
(Е. Өтетілеуұлы)
Педагог бақбақ гүлі туралы жұмбақ жасырады. Үлгі суретті көрсетіп,
педагог талдау жасайды. Бақбақ гүлінің құрылысына тоқталады. Сабағы,
жапырағы және гүлі. Бүгін осындай бақбақ гүлін жасайтындықтарын айтып,
оны жасау үшін не істейтіндерін түсіндіреді.
2. Негізгі кезең.
Педагог жұмыс барасын түсіндіреді. Жасыл түсті қағаздан жолақ
қағаздар дайындалып беріледі, қысқа жолақ қағаздарды жырту арқылы
жапырақтар мен шөптерді жасаса, үлкен жолақ қағаздан оны есу немесе
бұрау арқылы сабақтарын дайындайды. Ал бақбақ гүлін сары түсті қағаздан
жолақшалар қиып алып, оны белгілі ретпен арнайы дайындалған негізгі
бетке орналастырады.
Педагог қағазбен жұмыс жасау барысында «бақбақ – одуванчик, шөп –
трава, сары – жëлтый, жасыл – зелëный» сөздерімен таныстырады.
Сергіту сәті.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр, екi,үш.
Балаларға педагог жолақтарды қиюда қиындықтар кездессе
көмектеседі, жеке жұмыстар жүргізеді, басшылық жасайды. Балалар
қағаздарды саусақтың арасына салып қию арқылы бақбақ гүлін сары түсті
қағаздан, жапырағы мен сабағын жасыл түсті қағаздан жасайды. Үлгіге
қарай отырып гүлді фонға орналастырады.
3. Рефлексия.
Педагог бақбақ гүлін жасауда балалардың қағаз түстерін дұрыс
таңдауын және оны қалай қиғанын, қағаз бетіне қалай орналастырғанын
ескеріп, еңбек нәтижелеріне талдау жасайды. Балалар бақбақ гүлінің өздері
жасаған түрлерінің ішінде ең әдемісін таңдайды, қалай жасағанын айтып
береді.
|