ШЕТ ЕЛГЕ БАРҒАНЫМА
ҚУАНЫШТЫМЫН
Білім беру жүйесінде біздікімен салыстырғанда
айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Алғашында ағылшын
тілінде сабақ айту қиындық туғызған болса, соңынан оған
үйреніп кеттік. Осы тәжірибе арқылы ағылшыннан деңгейімізді
жетілдірдік. Тек ағылшын емес, химия пәнінен көп жаңа
мәліметтер алдық. Оқу кезінде тапсырмаларды уақытылы
орындап, сабаққа жауапкершілікпен қарадым. Соңында
барлық емтихандарды өте жақсы деген бағамен тапсырдым.
Дәріс берген мұғалімдердің айтуына қарағанда, біздің
студенттеріміз оларға қатты ұнады, білім деңгейлерімізді
жоғары деп бағалады.
Университетте студенттердің шығармашылық, қосымша
жұмыстарының барлығы поляк тілінде жүргізілгендіктен,
мәдени шараларға қатыспадық. Тек рождестволық мерекеге
таман балаларға арналған химиялық шоуға магистрант
студенттерімен бірге қатысып, кішкентай балаларға
әртүрлі химиялық реакциялар көрсетіп, химия пәніне деген
қызығушылығын арттырдық.
Біз оқыған қала – Торунь қаласы кішкентай, тарихи
қала. Н.Коперниктің туған жері болғандықтан, астрологияға,
Коперникке арналған ескерткіштері көп. Жалпы ауа райы
Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жылы, Орал сияқты жасыл
желекке оранған қала.
Қорытындылай келе, осы бағдарлама арқылы шет елге
барып келгеніме өте қуаныштымын. Өйткені, Европаға
барып, еуропалық мәдениет пен қазақстандық мәдениетті
салыстырдым, өз салам бойынша көптеген жаңа білім алдым,
көп нәрсені көріп, көп нәрсені үйрендім. Осы бағдарламаны
ұйымдастырғаны үшін мемлекетке және университетіміздің
әкімшілік ұжымына, халықаралық қатынастар бөліміне
алғысым шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |