«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»



Pdf көрінісі
бет54/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95
Байланысты:
3-2014

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Күллі  мамандық  атаулының  ішінде  ұстаздық  жолдың, 

педагогикалық ұстанымның қиын да мәртебелі екендігін осы 

машықкерлік кезеңімде терең түсінгендей болдым. 

Биылғы оқу жылының 20 қаңтар мен 29 наурыз аралығында 

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінен алған жоғары білімімді пысықтау мақсатында 

дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған 

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат 

кешенінде  машықкер  ретінде  сараманнан  өтіп  жатырмын. 

Мектептің ұстаздар ұжымы  бізді жылы  шырайымен қарсы 

алып, сәттілік тілеп, жұмысымызға бағыт-бағдар берді. 5-9-

шы сыныпқа информатика сабағынан сабақ беруге, сонымен 

қатар 9-сыныптың сынып жетекшісі ретінде  жұмыстануымды 

тапсырды.  Осы  тұрғыда  әдістемелік  деңгейімізді  көтеріп, 

кәсіби  шеберлікке  шыңдауда  тәлімгеріміздің  көрсеткен 

көмегі көп болды. Бұл мектеп өскелең ұрпаққа сапалы білім 

мен тағылымды тәрбие беру жолында адамгершілігі жоғары, 

қабілеті  зор,    жан

-

жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру 



мәселесін берік ұстанған. Сондай-ақ,  киелі білім ордасының 

педагогикалық  ұстанымдарды  кеңінен  қолдана  отырып, 

халқымыздың  баға  жетпес  рухани  мұралары  мен  асыл 

маржандары  негізінде  ұлттық  тәлім

-

тәрбие  жүйесін  енгізу, 



халқының  мәдениеті  мен  тілін,  дінін  қастерлейтін  оны 

адамзаттық деңгейде ұштастыра білетін ұлтжанды азамат 

тәрбиелеу  мақсатын  алға  қойып  отырғандығын  мектепке 

барған алғашқы күнімнен-ақ түсіндім.

Шоңбаев  Жеңіс  Меңдіғалиұлы,  Ашымғалиева  Венера 

Аманғалиқызы тәрізді тәлімгерлер маған сабақ кезінде озық 

тәжірбелерді тиімді пайдалануды, оқушылармен жүргізілетін 

жұмыстар  туралы  өзекті  мәселелер  жөнінде  талқылап, 

түсіндіріп отырды. Тәлімгерлерімнен көп мағлұмат алдым деп 

ойлаймын, шығармашылық ізденісін танытып, өзінің іс

-

әрекеті, 



сөйлеген  сөзі,  бойындағы  адамгершілік  қасиеті  арқылы 

өскелең ұрпақты тәрбиелеп, өмірге бейімдейтіндігін білдім.

5 және 9-сыныптарға информатика пәнінен сабақ беруде 

тәлімгерлерім  жетістігімді  қолдай  отырып,  әлі  де  кемшілік 

тұстарыма  бағыт-бағдар  беріп  өз  ісімді  одан  әрі  жоғары 

дәрежеде  меңгеріп  кетуіме  бірден-бір  септіктерін  тигізді. 

Оқушыларым  да  өз  ұсыныстары  мен  пікірлерін  айтып, 

ризашылығын білдірді. Аз да болса жетістігімді өзім шыққан 

мәртебем деп біліп,  болашақ ұстаздық даңғыл жолымда осы 

білім ордасынан алған өнегелі тәжірибемді жетілдіремін деп 

ойлаймын. Сондай-ақ, «ұстаз» деген ұлы есімді таныта білген 

бұл киелі білім ордасы да өзінің құнды дәстүрін сақтай отырып, 

тәуелсіздік тұғырындағы білім әлемінің алтын ұясындай болып 

қала бермек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет