№ 3 (898) 31 наурыз 2014 жыл
12
«Бұрымды ару - 2014»
Қыз – сұлулықтың символы ғана емес, елінің ертеңі, ұлтының ұяты. Ұлттың ұлағатын қыздардың тал бойындағы
қасиеті, иба-әдебінен бағалаған.
Қазақ қызы қашанда қолаң шашымен көрікті. Оның білектей өрілген қос бұрымында
қасиет-кие бар.
Қазақ қыздарының сұлулығын, көркіне лайықты ақылдылығын, көз сүйсінер бұрымын дәріптеу мақсатында
түрлі сайыстарды ұйымдастыру кеңінен қолға алынып келеді. Сондай игі істердің бірі – филология факультеті, қазақ
филологиясы кафедрасында ұйымдастырылған «Бұрымды ару» байқауы. Шараның ұйымдастырушылары «Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығының 02202-топ студенттері мен аталған топ кураторы Н.К.Ахатова. Наурыз айының 5-ші жұлдызында
өткізілген «Бұрымды ару» байқауында бөлім студенттері арасынан 1 және 2-курстың бұрымды қыздары бақ сынасты.
Аталмыш сайыс өткен жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Былтырмен салыстырғанда сайыстың талаптары
Достарыңызбен бөлісу: