Мөлдір Латифова, Мөлдір Серікқалиева,
02105-топ («Филология: қазақ тілі» мамандығы)
Жас дос! Жауқазын – көктем мезгілінде алғаш бүршік
жарып,жайқалар гүл. Демек, жауқазын жақсылықтың,
жаңалықтың және жастықтың белгісіндей. Жаршы бетінен
жас талантты тұлғаларымыздың шығармашылығын
қолдау мақсатында «Жауқазын» айдарын ашқанымыздан
құлағдар боларсыздар. Еш жерде жарияланбаған тың
туындыларыңызды күтеміз. Қалыс қалмаңыз!
Шешендік өнерге баулу бірлестігі
Фариза Нұрмұханбет,
02301-топ («Қазақ тілі мен
әдебиеті»
мамандығы)
Балалық – бал дәурен
Балалықты суреттеймін параққа,
Қалған, әттең, естеліктер жырақта.
Сағынышпен еске аламыз, амал не?
Қайтаруды қалаймыз ғой бірақ
та.
Келмейді енді, оралмайды бал күнім
,
Жадымда әр кез жаңғырып ән сал үнім.
Ертегі етіп айтып жүрер сәттерді
,
Ой елегім өткізуде дәл бүгін.
Тентек және болған екем ерке қыз,
Есейгенде шығармыз-ау кеше біз.
Балалықтан ажырадым қай кезде,
Өтті екен-ау, неше көктем, неше күз.
Техника емес еді-ау ермегім,
Әлі есімде асыр салып жүргенім.
Өзімде жоқ тігіп әсем сәндіні
,
Қуыршаққа көйлек етіп бергенім.
Құмартамыз анам тыққан тәттіге,
Сөйтіп жүріп айналдық-ау әккіге.
Сұрай қалса білмеген боп өтірік
,
Бетімізден қызыл шықпас тіпті де.
Әкем айтып отыратын әрдайым,
Бауырыңа қамқоршысың білгейсің.
Қол ұшыңды беріп жаса жағдайын
,
Одан мүлде кеміп кетіп сөнбейсің.
Өзім боп аға да, апа да,
Ешбірін қалдырмай қапаға.
Біреулер біріне тиіссе
,
Ән салып кететін «апаға».
Балалық бал дәурен қызықты,
Өмірлік қызылмен сызыпты.
Ешқашан өшпейді санадан
,
Қалған сөз секілді данадан.
Достарыңызбен бөлісу: |