Н а у р ы з а й ы н ы ң 1 5 - 1 6 ж ұ л д ы з ы н д а
университетімізде Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел»
халыққа жолдауын қолдау
,
салауатты өмір салтын
қалыптастыру
мақсатында
жаратылыстану-география
факультетінің ұйымдастыруымен БҚМУ спорт залында
волейбол, баскетбол және шағын футболдан екі күндік
спорт сайысы өткізілді.
Турнирдің шымылдығын Ақжайық спорт клубының
төрағасы Сәрсенбай Тұрдыбек Қуанышұлы ашып,
спортшыларға жеңістің ащы термен келетінін, демек
жеңіске шын мықты ие болсын деген тілекпен сөзін одан әрі
турнирдің ережесін түсіндірумен жалғастырды. Спорттық
жарыстың алғашқы күні волейбол ойынынан басталды.
Турнирге қатысқан 7 факультеттің командасы мен БҚМУ
еркін құрамасы жарыстың көркін қыздырды. Волейболдың
қортындысы бойынша БҚМУ құрамасы 1-орынға ие болса,
жүлделі 2-орынды Тарих және құқық факультеті иеленді,
ал 3-орынға Мәдениет және өнер факультеті тұрақтады.
Екінші күні өткен баскетбол ойынының қортындысына көз
жүгіртер болсақ, Педагогикалық факультет 1-орынды айқын
басымдылықпен ойып тұрып алса, 2-орынды Жаратылыстану
-
география факультеті иеленді. Ал 3-орын Тарих және құқық
факультетіне бұйырды. Баскетбол ойынының ізінше одан әрі
жалғасын тапқан шағын футболда да студенттер шаршағанын
білдіртпей, жарысты жоғары деңгейде өткізді. Сонымен,
шағын футболды қорытындыласақ, 1-орынды Тарих және
құқық факультеті жеңіп алса, 2-орынды «Жас ұрпақ» еркін
құрамасы қанжығасына байлады, ал 3-орынға БҚМУ құрамасы
тұрақтады. Жалпы есепте ашық турнирдің кубогін Тарих және
құқық факультеті сөзсіз жеңіп алды. Жарыста «жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар» атанған үздік ойыншылар да анықталды.
Волейбол ойыны бойынша үздік шабуылшы атағын БҚМУ еркін
құрамасының ойыншысы Мейірхан Демеуов алса, баскетбол
ойынынан педагогика факультетінің белсенді ойыншысы
Тимур Бақтығалиев иеленді. Шағын футболдан «Жас ұрпақ»
құрамасының ойыншысы Дамир Мұхамбетжанов үздік
шабуылшы атағына ие болды. Құттықтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |