Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет24/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
ӘОЖ 81.512.122(045) 
 
Ә.КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ 
КОГНИТИВТІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ 
 
Жылқыбаева М.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технолгиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа. 
Мақалада  қазіргі  таңда  когнитивті  лингвистика  қарқынды  дамып,  оның 
тілдік  тұлға,  категориялау  теориясы,  когнитивті-дискурсивті  теория,  концептуалды 
метафора,  когнитивті  семантика  сынды  көптеген  салалары  сараланып  кететіндігі  ғалымдар 
еңбектерімен  жүйелі  баяндалған.  Ә.Кекілбаев  шығармаларындағы  фразеологизмдердің 
когнитивтік  интерпретациясы  қаламгер  туындыларынан  келтірілген  мысал  арқылы 
дәлелденген.
 
Түйінді  сөздер: 
когнитивті  лингвистика,  фразеологизм,  адам  дүниетанымы, 
концептуалдық өріс, тілдік таңба 
 
Қазіргі  тіл  біліміндегі  жаңа    бағыттардың  бірі    болып  саналатын  антропоөзектік 
парадигманың  қатарына  жататын  тоғыспалы  ғылым  саласы  когнитивтік  лингвистика деп 
аталады.  Когнитивтік  лингвистика  –  тілдің  танымдық  табиғи  болмысын  адамның 


82 
 
дүниетанымы  тұрғысынан  зерттейтін  ғылым.  Бұл  туралы  ғалым  Б.Нұрдәулетова 
когнитивистикада    адами  когницияға  баса  назар  аударылатынын  айта  келіп:  «ол  тек  
бақылауға алынған іс-әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды репрезентациясы, 
символы,  даму  стратегиясы,  адамның  когнитивтік  әлемі,  тілдің  белсенділік  әрекетімен 
ілгерілеп отыратын мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша зерттеліп, мотивтері мен қалыптасу 
нәтижесі қатар қаралады», –дейді[6,5]. 
Қазіргі  таңда  когнитивті  лингвистика  қарқынды  дамып,  оның  тілдік  тұлға, 
категориялау теориясы, когнитивті-дискурсивті теория, концептуалды метафора, когнитивті 
семантика сынды көптеген салалары сараланып кетеді. 
Адамзаттың танымдық дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінетін болса, оның тілі – сол 
әрекетті  танытатын  негізгі  белгі  болып  есептеледі.  Көркем  шығармадағы  тілдік  жүйенің 
құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын танудың бір жолы – тілдік таңбаларды, оны құрайтын 
элементтерді,  олардың  мазмұндық  жағы  мен  тұлғалық  жағын  тілдің  өз  заңдылықтары 
негізінде  қарау  болса,  екінші  жолы  –  ақиқат  өмір,  ойлау,  танымдық  тұрғыда  бір-бірімен 
байланыста қарау болмақ. 
Тілдік  таңбаның  ерекше  түрі  болып  табылатын  фразеологиялық  бірліктерде  ұлттың 
мәдени  жемістері,  яғни  халық  ауыз  әдебиеті,  діни  философиясы,  салт  -дәстүрлері,  әдет-
ғұрыптары, мифологиялық дүниетаным көздерінің іздері жатыр. Осыған байланысты көркем 
әдебиеттегі  фразеологизмдер,  оның  концептуалдық  өрісін  қарастыру  тіл  біліміндегі  өзекті 
мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Тілдік  бірліктерді  антропоцентристік  парадигма 
тұрғысынан қарастыра отырып, көркем шығармадағы тұрақты тіркестердің семантикасынан 
ұлттың  мәдени  болмысы  мен  ойлау  жүйесін,  қоршаған  дүниені  қабылдаудағы  ұлттың 
менталдық  ерекшелігін,  қазақ  халқының  салт-дәстүрін  айқын  аңғаруға  болады.  Көркем 
шығармадағы  фразеологизмдерге  концептілік  талдау  әлемнің  тілдік  бейнесі  туралы  білімді 
анықтау  үшін  қажет.  Концептіде  әрбір  тілдік  тұлғаның  мәдени  деңгейі  іске  асады,  ол 
концептінің өзі сөзде ғана емес, сөз тіркестерінде, мәтіндерде жүзеге асырылады. 
 Осы  орайда  Әбіш  Кекілбаев  шығармаларындағы  фразеологизмдерді  қарастыра 
отырып,  халық  дүниетанымы  мен  жазушы  дүниетанымын  бірлікте  айқындау  және  оның 
тілдік  бірліктер  арқылы  оқырманға  беретін  пайдалы  ғибраттарын  ашу  арқылы 
фразеологизмдердің  авторлық  дүниені  қалыптастыратын  көркем  сөз  атрибуты  екендігін 
көрсету  негізге  алынды.  Қазақ  тілінің  тілдік  әлем  бейнесінің  ерекше  сегменттерінің  бірі  – 
«өмір»  концептісі.  Аталған  концептінің  проза  тілінде  кеңінен  қолданыс  табуы 
оқырмандардың  да  әлемдік  тілдік  бейнесін  құруына  негіз  болады.  Ә.Кекілбаев  
шығармаларында  «өмір»  концептісі  төмендегідей  фразеологизмдердің  қатысуымен 
дәйектеледі: жалған дүние, жарық дүние, жарық әлем, жарқыраған тірлік сұм дүние, жарық 
жалған,  жер  үсті,  өтірікші  дүние.  Жазушы    шығармаларынан    мысал  келтірсек,  бір  ғана  
«Шыңырау» повесінің өзінен-ақ жоғарыда келтірілген фреймдерді түгел дерлік кездестіруге 
болады:    ...өзі  сонау  иненің  жасуындай  сығырайма  тесікке,  жарық  дүниеге  қарай  жаныға 
өрмелеп барады...жаңа ғана артында қалған жарық әлемнің  сонау бір алақандай жұрнағына 
телмірумен...емексітіп  тұрған  жарық  дүние  жым-жылас... жер  үстіндегі  жарқыраған 
тірлікпен...жарық  жалғаннан  түгел  түңіліп,  сырттап  кете  жаздап  тұрған  кездерде...жер  үсті 
тіршіліктің  тәттілігін  сездіріп...  Мысалдардан  көріп  отырғанымыздай,    қаламгер    өмір 
ұғымын  дүние,  әлем,  тірлік,  жалған,  үсті  тәрізді  лексемаларды  түрлі  анықтауыштық 
коннотация арқылы құбылтып қолданады. 
Өмір  бар  жерде    өлім  бар.  Жазушы  шағармаларында  «өлім,  ажал»  концептісі  де 
фразеологизмдер  арқылы  таңбаланады.    Мысалы:  Аяғының  астында,  сонау  көзге  түртсе 
көрінбес  қара  түнекте,  ол  өмірі  көрмеген  бір  дүлей  аранын  ашып,  тісін  сақ-сақ  қайрап 
тұрғандай  ту  сыртына  мұздай  тер  шығады  («Шыңырау»).  Осы  мысалдағы    қара  түнек  –о 
дүние, яғни  өлім болса, аранын ашқан  дүлей немесе  тісін сақ-сақ қайраған  дүлей –ажал. 
Алыстан  болсада  атой  беріп,  емексітіп  тұрған  жарық  дүние  жым-жылас  ғайып 
болды(«Шыңырау»).  Мұндағы  жарық  дүниенің  жым-жылас  ғайып  болуы  бұ  дүниенің    о 
дүниеге  ауысуы,  яғни  өмірден  кейін  өлімнің  келетіні.  «Шыңырау»  повесінде    жазушы  


83 
 
құдықшының шыңырау  түбіне  түскен сайын болатын ішкі арпалысын, үрей мен сенім, өмір 
мен өлімнің іштей айқасын фразеологиялық  оралымдар арқылы ұтымды жеткізеді. 
Қаламгер  туындыларындағы  «үрей»  концептісінің  өзін  жеке  қарастыруымызға 
болады.  Жазушы    үрейді  бір  жағынан  жан  алғыш  аш  қасқырға,  көлденең  кесапатқа  теңеп, 
образды  түрде    берсе,  екінші  жағынан  (үркек)    жүрегін  тас  төбесіне  шығару,  жүрегі    ұшу, 
төбесіне  мұздай  су  құйып  жібергендей  болу  сынды  фразеологизмдер  арқылы  бейнелейді: 
Жан-жағынан  аш  қасқырдай  анталаған  үрейде  кейін  серпілгендей  болды  ...онсыз  да 
ойнақшумен болатын үркек жүрегін тас төбесіне шығаратын тағы бір көлденең кесапат  па, 
қашан қасына жетіп, қолымен ұстағанша сенбей, көктен көзін алмайды («Шыңырау»). Жан-
жақтан  тартылған  сұр  жебе  онсыз  да  жүректері  ұшып  безіп  бара  жатқан  жүйрік 
хайуандардың  соңынан  суылдап  қуып  берді.  Біреу  төбесіне  мұздай  су  құйып  жібергендей 
болды  («Күй»).  Әлгінде  ғана  кейбіреулердің  үрейін  ұшырған  дәу  он  алты  хайуандар  бірте-
бірте сирей берді. «Әмірші бүгін намазға келеді» деген хабарды естігенде-ақ, бұның екі тізесі 
дірілдеп  ала  жөнелгенді(«Аңыздың  ақыры»).  Жазушы  шығармаларында  «дала,  жер» 
концептісі «бетпақ әйелдің  бетіндей бедірейген», «көкбет әйелдің  бетіндей бедірейген», «қу 
медиен»  «қара  жер»  тәрізді  фразеологиялық  фреймдер  арқылы  беріледі.  Мысалы:  «Қашан 
қарасаң да, қанша қарасаң да, бетпақ әйелдің  бетіндей бедірейеді де тұрады» немесе  «Қыс 
екі жыл қатарынан көк бет қатынның бетіндей бедірейіп өтті». Мынау  ұлан-асыр қу медиен  
далаға  елу  жылдай  болыпты  –  ел  қонбапты.  Осы  үзінділерде  табиғат  «бетпақ  әйелдің 
бетіндей бедірейсе», екіншісінде ол  «көк бет  қатынның бетіндей бедірейеді».  «Бетпақ»  пен 
«көк  бет»  синонимдері  қатар  қолданылуы  арқылы  қатал  табиғаттың  көрінісін  дәл  беруде 
қазақы ұғымдағы  көк долы әйелге теңестіріп отыр.  
 «Батырлық»  концептісі:  Сарайшықтағы  қалмақтарды  шабатын  жорыққа  жаужүрек 
болғанмен жұқа тақым Қонай батыр атты осы ауылдан мініп аттаныпты («Құс қанаты»). Көп 
ұзамай ер жүрек жігіттер қылыштарын жалаңдатып пілге қарсы шапты («Аңыздың ақыры»). 
«Жастық»  концептісі:  Ала  қырдан  су  іздеп,  құдық  қазуды  ата  кәсіп  қылып  алатын 
Қараш  әулеті  бесіктен  белі  шықпай  жатып  еститіні  мазақ.  Мұндағы  «бесіктен  белі  
шықпаған»  фразеологизмі  тым  жас  дегенді  білдіреді.  Немесе:  Ат  құлағында  ойнап  өскен 
әкесіне  тартқанда  да  бұл  шіркін  тап  осындай  салбөксе  болмаса  керек  еді  («Аңыздың 
ақыры»). Бұл жерде ат жалын тартып мінген, балалық пен бозбалалықтың аралығындағы жас 
кезең бейнесі.  Бозбалалықтан  өтіп, махаббаттың бал дәмін татқан жігіттік шақтың қымбат 
сәттерін  қимай,  еске  алған    құдықшының  ішкі  өкініш,  сағыныш  сыры    былай  бейнеленеді: 
Неге  екенін  білмейді, жасы  ұлғайған  сайын  сол  бір қас-қағым  келте    дәурен  есіне  тым  жиі 
оралып, көз алдына дәл осы қазір көріп отырғандай бәрі сайрап ап-айқын елестейтін болып 
жүр  («Шыңырау»).  Сондай-ақ,  аталған  корреляциялық  құрылымның  шеңберінде   жастық  
концептісі  уақыттың өткіншілігімен,  жастық  шақтың  тым қысқалығымен сипатталатынын 
көреміз.  
«Әйел,  ана»  концептісі.    Шешесінен  көзін  ашпай  жатып  айрылып,  бетбейнесінің 
қандай екенін ұмытып қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жүрген ебіл-
себіл  әйелді:  «Апа!»  дейтінді  шығарды...Қараңғы  түнде  омырауына  тұмсығын  тығып 
пысылдап  жатқан  кішкене  сәбидің  кекілін  сипап  кемсеңдеп  жылап  шығатын  атымен  бөтен 
бейтаныс  әйелдің  көкірегіне  сүт  жүгірді («Үркер»).  Бұл  мысалда  соңғы  сөйлем    тұтасымен 
«ана» ұғымын беріп тұрса, құрамындағы  баяндауыш компонент  – «көкірегіне сүт жүгірді» 
фразеологияқ  тіркесі  аналық  мейірімнің  құдіретін  көрсетіп,  «ана»  концептісін  нақтылай 
түседі,  төмендегі  мысалда  «етегіне  сүріну»  фразеологизмі  арқылы  шаруабасты,  от  басы, 
ошақ  қасындағы  қазақ  әйелінің  бейнесін  образды  түрде  әдемі  суреттейді:  Әншейінде  өз 
етегіне өзі сүрініп, қапылып жүргенімен, шайы қайнағанша елу ел көшін жөнелтіп, көшкен 
ел  үйін  тігіп  үлгеретін  борпыаяқ  Сақыптың  қара  шәйнегі  сол  күні  ә  дегенше  бұрқ  ете 
түсті(«Тасбақаның шөбі»). 
Қазақ әйелінің күнделікті  іс-әрекетінен бөлек, оның түр-сипатын суреттеу арқылы да  
«ару әйел» концептісін толықтыра түседі: Дөңгелек ашық  жүзінде әрлі-берлі берлі домалап 
жүрген  жақұт  моншақтай  ойнақшыған  қос  жанары,  үлбірек  ерні,  күлгенде  сау  етіп  төгіле 


84 
 
қалатындай  көрінетін  маржан  тістері онсыз  да  қылықты  сұлуды  одан  сайын 
жұмбақтандырып,  одан  сайын  ынтықтыра  түседі(«Елең-алаң»).  Қаламгер  жақұт  моншақтай 
қос  жанар,  үлбірек  ерін,  маржан  тіс  тәрізді  теңеу,  метафораларды    қазақтың  сұлу  әйелінің 
бейнесін жасауда  үйлестіре шебер қолданған. 
Поэтикалық  мәтінде концептілер дүние құндылықтарын танытады: санадағы ұғымды 
бейнелейді, тіл арқылы объективтенеді ұлттың мәдени болмысы мен менталитетін көрсетеді, 
әрбір  ұлттың  танымдық  белгілерінің  мазмұнын  береді.  Фразеологизмдер  қатысқан 
суреттеулер арқылы ой бейнелі шығады. Ә.Кекілбаевтың тілдік тұлға ретіндегі дүниеге деген 
көзқарастарын,  тілдік  құрылымын  қарастыра  отырып,  оның  өзіне  тән  даралық  стилін 
ажырата аламыз.  
Қаламгер қолданысындағы фразеологизмдерді саралай отырып, автордың поэтикалық 
санасының  бірлігі  іспетті  индивидуалды-авторлық  концептілері  анықталды.  Жазушы 
шығармаларындағы  фразеологизмдер  мағынасына  интерпретациялық  талдау  жасау 
барысында: 1) әлем, дүние туралы ақпарат алмасу жүзеге асады; 2) құбылысқа баға беріліп, 
ол қабылданады; 3) фразеологиялық коннотациясының әсер етушілік қабілеті айқындалады; 
4)  автор  қолданысындағы  фразеологизмдер  оқырманның  эмоцияналдық  қарым-қатынасын 
туғызуға уәждейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Нұрдәулетова Б. Когнитивтік  лингвистика. -Алматы: Асыл кітап, 2010. -344 б. 
2.  Кекілбаев
Ә.  Шығармалар  жинағы: 19 т. – Алматы: Жазушы, 1999.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет