Білу және түсіну: 1. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын атаңдар. Статистика бойынша,
қайсысы ең қауіпті болып табылады?
2. Өкпе обырын тудыратын себептерді атаңдар.
Қолдану: 1. Тыныс алу мүшелері гигиенасы ережелерін сақтау керек.
2. Темекі шегу салдарынан денсаулығын жою адамның өзіне байланысты
екенін түсіндіріңдер.
Талдау: 1. Тыныс алу мүшелерінің саулығын сақтау үшін гигиена ережелерін тал-
дап, түсіндіріңдер.
2. Темекі шегуге қарсы мемлекет қандай шаралар қолданатынын талдаңдар.
Ол үшін әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланыңдар.
Синтез: 1. Тыныс алу мүшелері ауруларының сызбасын құрастырыңдар. Оған
аурудың «сыртқы» (өмір сүру салты) және ішкі (тұқымқуалаушылық)
себептері, оның алдын алу тәсілдері белгілерін көрсетіңдер.
2. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын қандай симптомдары бойынша
айыруға болады? Қандай ауру симптомдары ұқсайды? Себебі неде?
117
Бағалау:
Адам мен адамзат өмірі мен денсаулығын сақтау үшін тыныс алу
мүшелері ауруларының алдын алу маңызын бағалаңдар.