Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Өсімдіктердегі вегетативті көбею



Pdf көрінісі
бет222/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Өсімдіктердегі вегетативті көбею. 
Бұған жоғары сатыдағы өсімдік-
терге  тән  қалемше,  сұлатпа  бұтақ,  тамыршалар,  жапырақтар  немесе 
«мұртшалары» арқылы көбею жатады. 
Қалемше  арқылы  көбею 
–  сабақ  (өркен)  бөліктері  –  бүршіктері  бар  бұтақ 
кесінділері  арқылы  вегетативті  көбею  әдісі.  Бұл  әдіс  арқылы  ағаштардан 
терек,  тал,  ал  бұталардан  қарақат,  қарлыған,  жүзім,  сәндік  өсімдіктерден 
раушангүл көбейеді. Қалемше арқылы көбейетін барлық өсімдіктерді сабақ 
сұлатпа бұтақтары арқылы да көбейтуге болады. Бұл әдіс көбінесе қалемше 
арқылы нашар немесе мүлде көбеймейтін дақыл үшін қолданылады.
Сұлатпа бұтақ алу үшін бұтағын жерге қарай көміп қояды. Топырақтағы сабақ 
бөлігінде бүршікпен қосалқы тамырлары түзіледі. Бұл қалыптасқан дайын 
сұлатпа  бұтақ  болады.  Оны  енді  бастапқы  өсімдіктен  бөліп  алып,  көшіріп 
отырғызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет