Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Органикалық  заттардың  сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет73/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Органикалық  заттардың  сипаттамасы. 
Органикалық  заттарға 
нәруыздар

майлар

көмірсулар
  мен 
нуклеин  қышқылдары
  жатады. 
Нуклеин қышқылдар (ДНҚ) тұқымқуалаушылықты сақтау үшін қажет. 
НҚ – нуклеин қышқылы. 
Көмірсулар
 немесе 
қанттар
. Атауы айтып тұрғандай олардың дәмі 
тәтті. 
Көмірсулар көп мөлшерде жүзім, қауын, қарбыз, өрік, алмұрт, алма 
сияқты тәтті жемістердің құрамында болады. Сонымен, күріш, бидай, 
сұлы, арпа, жүгері дәндерінде көмірсулар мөлшері көп. Сүт құрамында 
нәруыздар, майлар мен көмірсулар теңдей, ал су көп мөлшерде болады, 
сондықтан сүт – сұйық. 
Нәруыздар
  –  жасушаның  негізгі  органикалық  заттары.  Ағзадан 
суды  алып  тастағанда  нәруыздар  орташа  70–80%  болады.  Бұл  басқа 
органикалық әрі бейорганикалық заттарға қарағанда көп. Көмірсулар 
сияқты нәруыздардың 1 грамы ыдырағанда 17,6 кДж энергия түзіледі. 
Бірақ  көмірсулар  бірінші  кезекте  энергия  берсе,  нәруыздар  энергия 
түзеді, одан басқа жасушалар үшін құрылыс материалы болып табыла-
ды. Сондықтан олар тірі ағзалар құрамында көп болады. Өсіп жатқан 
жас ағзаға, спортшыларға, сондай-ақ жүкті әйелдерге нәруыздарға бай 
тамақ қажет.


65
Жануарлар өнімдерінде нәруыздардың мөлшері көп. Бұған бірінші 
кезекте  ет,  сондай-ақ  жұмыртқа,  сүзбе  жатады.  Жоғарыда  сүттің 
құрамы туралы айтылды. Ірімшік құрамында нәруыздарға қарағанда 
майлар көп. Нәруыздар, майлар мен көмірсулардың пайыздық құрамы 
тамақ өнімдерінің қаптамасында көрсетіледі.  
Нәруыздар  –  жасушаның  негізгі  органикалық  құрамбөлігі, 
сондықтан олар өсімдік өнімдерінде де болады. Өсімдіктерден асбұршақ, 
үрмебұршақ, қытайбұршақ нәруыздарға бай.
Майлар  –  энергия  сыйымдылығы  ең  көп  органикалық  зат. 
 
1  грамм  май  ыдырағанда  шамамен  38,9  кДж  энергия  бөлінеді.  Жа-
нуар майына: қойдың, сиырдың, балықтың т.б. жануар майы жатады. 
Тұқымдарының  құрамында  май  көп  болатын  өсімдіктерден  өсімдік 
майын  алады.  Оған  мақта,  күнбағыс,  рапс,  қыша  (горчица),  сафлор 
т.б. өсімдіктер жатады. 
Жалпы,  ағза  қажетті  заттарды  алу  үшін  алуан  түрлі  тамақпен 
қоректенуі керек.
Сонымен  қатар  ата-бабамыздаен  мұра  болып  қалған  –  ұлттық 
тағамдарымыздың  адам  денсаулығы  үшін  мәні  зор.  Олар  –  қымыз, 
шұбат, айран, қатық, құрт, уыз, сүзбе, қаймақ, сары май және т.б.
Халқымыздың, негізінен, сүтке сүйеніп, оны әрі тамақ, әрі сусын 
еткені  рас.  Жаздың  күні  сауған  сүттен  қыстық  азық-түлігін  даяр-
лап  алудағы  сүт  тағамдары  технологиясын  әбден  жетілдіре  білген 
ұлтымыздың ұлылығына тәнті боласың.
Заттар
Бейорганикалық
Тұздар
Қышқылдар
Көмірсу
Нәруыз
Майлар
Нуклеин 
қышқылдар
Ерігіш
Ерімейді
Су
Органикалық
4-сызба


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет