260
сөздердің де әртүрлі жазылатыны байқалады. Бір қызығы бұл сөздердің екі вариан-
ты да орфографиялық сөздіктерде берілген. Мысалдар «İmlâ Kılavuzu», Ankara. TDK.
2005 («Емле орфографиялық анықтағышы» Анкара ТТҚ. 2005); «Türkçe Sözlük».
TDK, Cilt- I, Ankara. 1998 («Түрік сөздігі», ТТҚ, 1-том Анкара, 1998) және 1993,
1996, 2000 және 2005 жылдардағы Түрік тілі Курумынан шыққан орфографиялық
анықтағыштардан алынды:
Aferin
Aferim (жарайсың, бәрекелді)
Aile
Ayle (отбасы, жанұя)
Arzetmek
Arz Etmek (арыз ету)
Bulgur
Bligouri (бидай жармасы)
Çünkü
Çünki (себебі)
Farketmek
Fark Etmek (байқау, сезу)
Hafriyat
Harfiyat (қазба жұмыстары)
Herbiri
Her Biri (әрбірі)
Hiç Bir Şey
Hiçbir Şey (еш нәрсе)
Mantar
Manitari (саңырауқұлақ)
Matba
Matbaa (баспахана)
Meyva
Meyve (жеміс)
Muhtacolmak
Muhtaç Olmak (мұқтаж болу)
Sümbül
Zoumbouli (сүмбілшаш)
Şehidolmak
Şehit Olmak (шейіт болу)
Енді қазақ тіліндегі бір емес бірнеше нұсқада таңбаланып, қиындық тудырып
жүрген ескі кітаби сөздерге тоқталайық. Қазақ халқы да, тарихтан белгілі болғандай
өзге түркі халықтары сияқты VІІІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін араб жазуын
пайдаланып келді. Тіліміздегі ескі сөздердің бір емес бірнеше вариантта таңбаланып
кетуіне мынадай мәселелер түрткі болды деп ойлаймыз:
Біріншіден
, жазба мұраларымыздың басым бөлігі араб жазуымен бізге жеткендік тен,
оны орыс әрпіне транскрипциялағанда қате аудару, сөздердің дыбыстық тұлғаларын
бұрмалап беру үрдісі белең алып, көптеген сөздер транскрипциялық және графикалық
ала-құлалыққа ұшырады.
Екіншіден
, кірме сөздердің барлығы түпнұсқа тұлғасында, яғни араб, парсы тіліндегі
таңбалануы бойынша жазылғандықтан оны кирилл әрпіне әркім әртүрлі аударып
жіберген. Осының салдарынан бір шығарманың өзінде бір сөздің бірнеше нұсқалары
жазылып жүр. Мысалы:
абжылан, әбжылан, әп жылан (су жыланы), ғариб, ғарип,
ғарып, ғаріб, ғаріп, ғәріп, кәріб, кәріп (бейшара, сорлы), кәлам, кәләм, кәлем (1. сөз,
әңгіме. 2. ауысп. құран.),
т.б. Бұндай ала-құлалықтың орын алуының негізгі себептері
мыналар:
Біріншіден
, лингвотекстологиялық зерттеулердің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан
дауыстылары таңбаланбаған сөздерді қате аударып жіберу үрдісі
қалыптасты;
Екіншіден
, Кеңестік кезеңде араб жазулы мұраларды кириллицаға аудару орыс
түркологтарына немесе орыстілді түркітанушы ғалымдарға тиесілі болды. Сондықтан
ескерткіштер мәтінін кириллицаға транскрипциялағанда қазақша таңбаларды (ә, і, ң, ғ,
ү, ұ, қ, ө) қолданбағандықтан, фонетикалық, орфографиялық бұрмалаулар орын алды.
261
Үшіншіден
, араб графикасында үш дауысты дыбыстың (а, у, и) ғана таңбасы
болғандықтан, сөздерді осы үш дауыстымен ғана оқу үрдісінің қалыптасқандығы.
Алайда бұл дұрыс емес. Себебі қазақ қоғамында қолданылған араб жазуындағы осы
үш дауысты (а, у, и) қазақтың тоғыз дауыстылар жүйесінің барлығын таңбалауға
жұмсалған.
Төртіншіден
, мұраларымыздағы араб, парсы сөздері өз тілдерінің жазылу заңы
бойынша таңбаланғандықтан, оларды транскрипциялағанда әркім әртүрлі нұсқада ау-
дарып жіберген.
Қорыта айтқанда, болашақта латын әліпбиіне көшкен жағдайда, жоғарыдағыдай бір
сөздің бірнеше нұсқада ала-құла таңбалану үрдісінің орын алмауы үшін және кирилл
жазулы дүниелерімізді латын әрпіне аудару барысында да даулы мәселелер туында-
мауы үшін тілші ғалымдарымыз арнайы емле ережелері мен транскрипция жасаудың
негізгі қағидаларын қалыптастыру керек. Сондай ақ бірнеше нұсқада таңбаланатын
сөздердің бір ғана вариантын жазылымда қалыптастыру қажеттілігі де назарда болуы
шарт. Ал түрік елінің тәжірибесіне сүйенер болсақ, араб жазуынан латынға көшкен
кезде араб, парсы сөздерін өзгеріссіз таңбалау немесе ауызекі сөйлеу тіліне икемдел-
ген вариантын жазу мәселесі даулы болып, соның салдарынан бірнеше нұсқада жүрген
сөздермен күні бүгінге дейін күресіп келе жатыр.
Әдебиеттер:
1. Fevziye Abdullah Tansel. “Arap Harflerinin Islahı ve Değiştirilmesi Hakkında İlk
Teşebbüsler ve Neticeleri 1862-1884”, Belleten, S. XVII/66, Nisan 1953, s. 223-249 («Араб
әліпбиін түзету немесе әліпби алмастырудағы ең алғашқы талпыныстар мен оның
нәтижелері», Belleten, S. XVII/66, Б. 223-249. 1953 жылдары шығып тұрған журнал).
2. Güler Metin. «Türkçe İmlâ Öğretiminde Yaşanan Karmaşada İmlâ Kılavuzlarından
Kaynaklanan Sorunlar», M.E.B. Öğretmen Yetiştirme ve Eğitimi Genel Müdürlüğü
Bahçeşehir Üniversitesi, Türkçe Öğretimi Kongresi. İstanbul, 2008, 18-20 mayis. (Гю-
лер Метин. «Түрікшенің емлесін оқытуда кеткен қателіктер. Емле анықтағышынан
басталған мәселелер», Оқытушының біліктілігін жоғарылату мүдірлігі Бахчешехир
Университеті, Түрікше
оқыту конгресі, Стамбул, 2008, 18-20 мамыр).
3. Parlakyıldız Hayrettin. «İmlâ Kılavuzları Üzerine Bir İnceleme (TDK‟nin Yayınları
1928-1993)», Yüksek Lisans Tezi, Gazi Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü, Türk Dili ve
Edebiyatı Ana Bilim Dalı Türkçenin Eğitimi ve Öğretimi Bilim Dalı, Ankara, 1995 (Пар-
лакиылдыз Хайреттин. «Емле сөздігі жөніндегі зерттеулер (Түрік Тілі Құрымының
баспалары 1928-1993)», Магистрлік диссертация, Гази университеті Әлеуметтік
білімдер институты, Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің Түрікшенің білім беру және
оқыту саласы, Анкара, 1995).
4. Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1993.
–232 б.