Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН



Pdf көрінісі
бет137/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН 
«АТАУЛАР СӨЗДІГІНІҢ» ҚҰРЫЛЫМЫ 
(1931 жыл)
Г.Б.Көбденова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми 
қызметкері, ф.ғ.к.
Кез келген сөздіктің жасалуы кешенді түрде атқарылатын үлкен ғылыми мәселе, ал 
ұлттық тілдің аударма терминологиялық сөздігін түзу – әр уақытта ұлттық тілдің ғылыми 
тілдік өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Тарихи тұрғыдан қарастырар болсақ, 
ол көбінесе тарихи және ұлттық сана-сезімнің өсу кезеңімен, ұлттың қалыптасуымен, 
әдеби тіл мен оның нормасының тұрақтануымен байланысты келеді екен.
Халық  азарту  комиссариаты  білім  кеңесінің  термінологія  комиссиясы  5000  дана 
таралыммен 1931жылы тұңғыш рет кирилл-латын графикасында жазылған «Атаулар 
сөздігін»  шығарды  [1].  Сөздікте  филология,  физика,  заң,  психология  сияқты  түрлі 
ғылым салаларына қатысты 8000 термин берілген.
Осы сөздік туралы 1934 жылы жазған рецензиясында А.Самойлович «Мен 1932 
жылдың аяғында Қазақстанның астанасы Алматыда болғанымда бұл сөздік таптыр-
майтын (был библиографической редкостью) еді» [2] – дейді. 
«Атаулар  сөздігі»  Алаш  зиялыларының  ұлттық  терминологиялық  қорды 
қалыптастыруда ұстанған қағидаттарына сәйкес жасалған соңғы басылымдардың бірі 
болғандықтан он байта бастырып шығарып, мамандардың, зиялы қауымның назарына 
ұсынуды ф.ғ.д., проф. Ш.Құрманбайұлы мен О.Жұбаева қолға алып, қазіргі кирилл 
жазуымен 2004 жылы кітап етіп 2-басылымы ретінде қайта бастырып шығарды [3].
Терминтанушы Ш.Құрманбайұлының көрсетуінше: «Қазақ терминографиясының 
тарихында өзіндік орны бар «Атаулар сөздігі» өткен ғасырдың отызыншы жылдарын-
дағы  термин  шығармашылығы  мен    терминологиялық  сөздік  түзу  ісінің  кезеңдік 
келбетін,  терминология  комиссиясы  жұмысы  мен  алаш  зиялыларының  ұлттық 


271
терминқор қалыптастыруда ұстанған  ұстанымдарын көрсететін нақты тілдік-тарихи 
дерек.» [3].
ХХ  ғ.басындағы  әрі  аударма,  әрі  терминологиялық  сөздіктің  қажеттілігі  туралы 
«Атаулар  сөздігінің»  «Бір-екі  сөз»  деген  кіріспеcінде  былай  келтіреді:  «әr-bir  çeke 
çazuvcьlar  ґz  qolьna  ustap  otьratьn,  çaŋa  өmіrdіŋ  tilin  izdedi,  pәn  atavlarьna  tus-tustan 
surav kөbejdi, onьŋ muqtaçdьģь kуn sajьn asa berdi. zьmьragan ucqьr өmir kуnbe-kуnģi 
kerekke çumsavģa dajьn turģan til qaruvьn kerek qьldь. oj eŋbeģindegi eŋqьjьn istiŋ biri 
sөzdik tizуv».
Қазақ тілі біліміндегі алғашқы терминологиялық сөздіктердің бірі ретінде латын 
графикасында жазылған «Атаулар сөздігінде» ұлттық тілдің метатілі және әлем тура-
лы Алаш білімпаздарының білімдері жүйеленіп берілген. Бұл білімдер аясы сөздіктің 
түріне,  сөзтізбенің  көлеміне,  лексикографиялық  материалдарды  беру  тәсілдеріне, 
сөздік мақаланың құрылымына байланысты жүйелі түрде келтірілген.
Дыбысталуы бойынша жазылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет