Арғынөткел
– тарихи жер атауы (ауыл, Кеңтүбек болысы, Атбасар
уезі),
Қожа
– ескі елді мекен атауы,
Қарлатай – тарихи жер аты
, Атбасар уезі.
ХІХ ғ. орыс тілді тарихи жазба дерек, ескі карталарда тіркелген Қазақстан
аумағындағы облыс, болыс, уездердегі топонимдік кеңістіктегі атаулардың басым
көпшілігі микротопонимдік сипатта болып келгендігін көруге болады. Мысалы,
патронимдік сипаттағы
Әшенқарасу
– жер аты (жайлау) Атбасар уезі, Жарқайың болы-
сы,
Қалдамантүбек
– қыстау, Атбасар уезі, Кеңтүбек болысы,
Битеннің Қызылжары
– қыстау, Терісаққан болысы, Атбасар уезі, бұл атаулар «Материалы по киргизскому
землепользованию» атты іргелі көптомдық жинақта берілген [11].
Әрине қазақ топонимиясының тарихи кеңістігі диахрондық тұрғыдан тек
патронимдік-генонимдік принципке негізделген екен деген ой туындамау керек. Бұл
өткен тарихи кезеңдердегі топонимдік номинацияның негізгі бір түрі ғана. Оның сыр-
тында қоршаған ортаның физика-географиялық, ландшафттық ерекшеліктеріне сай,
өсімдік, жан-жануар атауларымен байланысты және әлеуметтік сипатына сай аталған
топонимдер, микротопонимдер, ойконимдер, микроойконимдер, гидронимдер, микро-
гидронимдер т.б. көптеп кездесетін.
79
Төменде ХІХ ғасыр мен ХХ ғ. басында Ресей әскери ведомстволарының, Ресей Ген-
штабы, Ресей Ғылым академиясы және Географиялық қоғам т.б. ресми ұйымдардың
мамандары жинап, топографиялық тұрғыдан зерттеп, таңбалаған жер-су атаулары.
Біз мысал үшін тек Атбасар уезі, Кеңгір, Кеңтүбек, Құмқоңыр, Сарысу, Моншақты,
Қызылкөл, Теңіз, Нұра болыстарындағы 1-ші, 4-ші, 11-ші т.б. нөмірдегі ауылдар
жерінде тіркелген кейбір жер-су атаулар модельдері көрініс тапқан тізімін келтіреміз:
Жартышеке, Қушеке, Жартырнақ, Кішіқарақоға, Қабыланкөл, Қарақойын
Қоянжол, Қарамойыл Қарасу, Қарақырқа, Қумолаащылы, Қаратоғай, Қатпаның
Ақтасты Қарашілігі, Қатпаадыр Тілік, Қатаукөл, т.б.
Бұл атаулар жүйесін ұлтымыздың топонимдік жүйесінің негізінен төлтумалық си-
паттан арылмай тұрған, ұлтты жерімен тілдік жағынан бірегейлендіріп тұрған тұтас
қалпы деп түсінуге болады.
«Целая система ритуально-обрядовых институтов и установлений была призва-
на помочь кочевникам реально ощутить благотворную силу освященных традицией
природных объектов (киесі бар) – священных гор, рек, озер, рощ, урочищ, культовых
сооружений, курганов, родовых кладбищ и т.п..», – дейді Н.Әлімбаев, М.С.Мұқанов,
Х.Арғынбаев сынды этнолог-ғалымдар [12, 41].
Өз кезегінде қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрі мен сабақтастығы бар топонимдік
атаулар жүйесі халқымыздың мекен еткен атажұрты, жермен, табиғатпен тұтасып,
сол арқылы да этникалық бірегейлігін сақтап, осы күнге жеткізген.
Топонимдік жүйе
арқылы айқындалатын халқымыздың этникалық бірегейлігі уақыт өте іргелі ұлттық
бірегейлікке ұласқанын көреміз.
Топонимия арқылы көрініс табатын тілдік, ұлттық
бірегейлік ақын-жыраулар отты жырларында дәріптеген атамекені, жаудан қызғыштай
қорыған өзен-көлдері, тау-тастары, жайлау - қоныстарына деген дала перзенті –
қазақтың төл атауларында өрнектелген туған жеріне деген сүйіспеншілігі, патриотизмі
қазақ халқының ұлттық идеясына ұласып, оның үлкен бір арнасы ретінде танылады.
Қазақтардың о бастан ата-бабасының жұртына, жерге деген қатынасы ерекше болған.
Жер мәселесінің күні бүгін өзектілігінің артып отырғанын Жер Кодексінің жеке бапта-
рына қатысты қоғамда соңғы бірер жылда туындаған жер дауы айғақ.
Ұлттық сананың жаңғыруы қазақ халқыны мәдени, әлеуметтік өмірінің барлық са-
лаларында көрініс тауып, ұмыт болған салт дәстүрлер рухани болмысты жандандырды.
Әлемдік ақпараттық кеңістікте жаһандану үдерісі етек алуына байланысты ұлттық
топонимикондағы оның оң және кері әсері болдатыны ақиқат. Ұлттық топонимико-
нымыз, қалаларымыздың тілдік ландшафты әлі күнге орыс тілі, графикасы, жалпы
мәдениетінің ықпалынан толық шыға алмай келеді. Оның үстіне жаппай жаһандануға
байланысты орыс тілінен өзге, ағылшын, қытай, кәріс тілдерінің әсері де күшейіп отыр.
Бұл үдеріс негізінен, қала ономастикасына қатысты болып келетіндігін айту керек.
Қорыта айтсақ, ұлттық кодымызды зерделеу, кешенді түрде зерттеу ісін ұлттық
бірегейлігімізді, мемлекеттігімізді арттырып, нығайтатын фактор ретінде және
жаһанданудың бейұлттандыру теріс үрдістеріне тосқауыл болар механизм деп
қарауымыз керек.
80
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. Тарих тағылымы.– Алматы: Атамұра. 2006. – 256 б.
2. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 б.
3. Кляшторный С. Г., Султанов Г. Н. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Ал-
ма-Ата: Рауан, 1992. – 375 с.
4. Крюков М. В. Личное имя и термины родства // Ономастика Востока. – М., 1980.
– С. 124–126.
5. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М.–Л., 1951.– М-Л.,;
Жолдасбеков М., Сартқожаұлы К. Атлас Орхонских памятников. – Астана: Күлтегін,
2006. – 360 с.; Шаймердинова Н.Г. Когнитивная семантика древнетюркских орхонских
текстов: автореф...докт. филол. наук. – Алматы, 2007. – 56 с.; Махпиров В.У. Имена
далеких предков. – Алматы, 1997. – 302 с.
6. Аязбекова С. Ш. Картина мира этноса: Коркут-Ата и философия музыки. казахов.
– Алматы, 1999. – 285 с.
7. Келімбетов Н. Үміт үзгім келмейді. – Алматы, 2005. – 253 б.
8. Шәріпов А. Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяның көркем бейнеленуі: филол.
ғыл. докт. дисс. –Алматы, 2001. – 314 б.
9. Алимбаев Н. О механизмах реализации отношений собственности в кочевом
обществе // Маргулановские чтения. Сборник материалов конференции. – Алма-Ата,
1992. – С. 13–19.
10. Жартыбаев А. Е. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи лингвистикалық,
этимологиялық және этномәдени негіздері: филол. ғыл. докт... дисс. – Алматы, 2006. – 283 б.
11. Материалы по киргизскому землепользованию, собранный и разработанный
Сыр-Дарьинской статистической партией. Ташкент, 1908–1909, Т.1. Чимкентский
уезд; Т.2. Сыр-Дарьинская область Чимкентский уезд, 1910.
12. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. –
Алма-Ата: Ғылым, 1998.– 341 с.
Достарыңызбен бөлісу: |