28
5 жасқа аяқ басқан балаларға допты қос қолдап, бастан асыра лақтыруды үйретуге
болады. Допты лақтыратын адам лақтыру бағытына қарап тұрады. Аяқтарының арасын
шамамен 10 см ашып тұрады. Қолдарын басынан асырып көтеріп, аздап бүгеді.
Шынтақтары алға шығып тұрады. Допты саусақтарының арасын ашып, алақанына
жартылай тигізіп ұстайды. Енді тізесі мен ішін алға жіберіп, аздап шалқаяды, қолдарын
артқа жіберіп, допты күшпен алға-жоғары қарай лақтырады. Дене де бірге қозғалады.
Алға қарай еңкеюдің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: