Күтілетін нәтиже:
жасайды:
аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру (2,5 метр
қашықтықтан), секіртпемен секіру жаттығуларын.
түсінеді:
тікелей шоқырақтап жүру және шабандоз қимылдарын қалай салу керектігін,
қимылдарды шағын топтарға бөлініп орындауды, секіртпемен секіргенде қатты биікке
секірмеуді, орамалды бір-біріне тезірек беру қажеттігін.
қолданады:
түзету қимылдарын орындау қабілетін, көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру
қабілетін, секіртпемен секіру және кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Құралдар мен материалдар:
бала санына қарай қамшы, шеңбер – 2 дана, топтың
жартысына жететіндей диаметрі 8 см доптар, шағын топтарға арналған доптар, қазақтың
ұлттық киімдерін киген ұл және қыз қуыршақ.
Билингвалды компонент:
аяқтың ұшымен жүру – ходьба на носках, өкшемен жүру –
ходьба на пятках, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
Достарыңызбен бөлісу: |