10
ҰОҚ-ның мазмұны мен әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді:
– ойындық,
– сюжеттік,
– аралас.
Ойындық типтегі сабақтар таныс қимыл-қозғалыстардан тұрады. Онда тиісті қимыл-
қозғалыстарға негізделген ойындар іріктеп алынады. Бұл типтегі сабақтардың міндеті –
балалардың қимыл-қозғалыс дағдысын нығайтып, дене қабілеттерін дамыту.
Сюжеттік сабақтар белгілі бір сюжеттен құралады.
Ойын және сюжеттік сабақтар: даярлық, негізгі және қорытынды деген үш бөлімнен
тұрады.
Дайындық бөлімі балалардың эмоциялық көңіл күйін көтереді, зейінін күшейтіп,
олардың организмін алдағы жүктемеге дайындайды. ҰОҚ-ның бұл бөлімінде ойындық
мотивация жасалып, міндет жүктеледі. Бірақ кейде ойынға негізделген қимыл-қозғалыс
қызметіне ынталандыру негізгі бөлімнің басына көшіріледі. Ал балаларды жаттығу
жасауға жұмылдыру жанама сипатқа ие болады: музыкалық сүйемелдеу, таныс
жаттығуларды еске түсіретін дабылдың дауысы. ҰОҚ-ның негізгі бөлімінде балалардың
қимылдарды орындау дағдысы қалыптасады. Балалар жаттығуларды жаттайды және
санасына сіңіреді, физикалық қасиеттерін, үйлестіру қабілетін дамытады.
Қорытынды бөлімінде үдемелі бұлшық ет қызметінен қалыпты жағдайға ауысады,
балалар ойындық персонаждармен араласуын жалғастырады, балалар ойын
кейіпкерлерімен араласады, өз бетінше ойнауға бейімделеді.
ҰОҚ-ның аралас түрі гимнастикалық жаттығулардан (саптық, жалпы дамытатын
жаттығулар, негізгі қимыл-қозғалыстар) және қозғалысқа негізделген ойындардан тұрады.
Орта жастағы балаларға арналған гимнастикалық жаттығулар ойындық жаттығу түрінде
өткізіледі.
Түрлі оқу қызметі барысында бөлімдер саны мен оларды өткізу тәртібі өзгермейді және
сабақтың мазмұнына бағынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: