Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
14
басқа инвестициялардың әсерінен қауіп төну дәрежесі
бойынша – тәуелсіз инвестициялар;
бәсекелестік инвестициялық шешімдерді қабылдауға
сезімтал инвестициялар;
инвестициялаудың мақсаттарына тәуелді тиімділік фор-
масы бойынша инвестициялар;
инвестициялармен тығыз байланысты функционалдық
қызметі бойынша инвестициялар;
салалық жіктелінуі бойынша инвестициялар;
инвестициялау тәуекелі бойынша инвестициялар;
жүзеге асыру міндеттілік дәрежесі бойынша – тиісті мін-
детті, абсолютті міндетті емес, міндетті емес инвес-
тициялар.
Қазақстан экономикасында инвестициялардың
тікелей
және
портфельдік
жіктелінуі кең тараған.
Портфельдік инвестициялар
–
заңды және жеке тұлғалардың
қаражаттарын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға
салу арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарға салынатын
салым есебінен инвестор өзінің қаржылық капиталын артты-
рады және дивиденд алады.
Портфельдік инвестицияларда
инвестордың басты негізгі
міндеті
қор нарығында бағалы қағаздарды сату және сатып алу
операцияларымен жүзеге асырылатын оңтайлы инвестициялық
портфельді құру және басқару болып табылады. Сондай-ақ,
портфельдік инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық
операцияларды жүзеге асырады.
Тікелей инвестициялар
– инвесторға объектіні басқаруға
немесе оның қызметін қадағалауға құқық береді, заңды және
жеке тұлғалармен жүзеге асырылады. Инвестор тікелей инвес-
тицияға қаражат салу нәтижесінде өзінің өндірістік капиталын
арттырады, яғни тікелей инвестицияның капитал құру негізіне
ие салымдар болып табылады.
Экономикалық деңгейде инвестицияларды
макро
және
микро
деп екіге бөлуге болады.
Макродеңгейдегі инвестициялар:
өндірісті дамытуға үлес қосуға;
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
15
елдің төлем қабілеттілігі сұранысын қанағаттандыруға;
тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңартуға;
ірі өнеркәсіптердің мәселелерін шешуге;
әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге;
экономиканың болашақтағы өсіміне негіздер қалауға;
тауардың қажетті мөлшерде, сәйкес сапада, ішкі сұра-
нысын қалыптастыруға бағытталады.
Микродеңгейдегі инвестициялар:
негізгі өндіріс қорларын кеңейтуге, жаңасын салуға,
жөндеуге, қайтадан жаңғыртуға;
негізгі қорлардың моралдық, физикалық тозуын болдыр-
мауға және өндірістің техникалық денгейін көтеруге;
жаңа техника мен технологияларды енгізуге;
жоғары білікті мамандарды дайындауға және кәсіпорын-
ның басқа да мақсаттарына жетуге;
қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүргізуге;
еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін
енгізуге бағытталады.
Инвестициялар макро және микродеңгейде маңызды рөл
атқарады. Сонымен қатар, жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
құрылымдық қайта құрудан максималды пайда алу мен осының
негізінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маңызды
экономикалық категория болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: