Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Тарих керек файл

Дәріс   мақсаты:  

«Мәңгілік   ел»



 

  ұлттық   идеясының   мазмұнын   ашу

арқылы   жаңа   геосаяси   жағдайдағы   Қазақстан   Республикасынының   сыртқы

саясаттағы ұстанған бағытын Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XXІ ғасыр» - деп

аталатын Манифесіне сүйеніп, елімізді  дүние жүзі таныған мемлекет ретінде

көрсету. 



Дәрістің мазмұны:  

«Мәңгілік ел»   идеясының түйінді құндылықтары,

Тәуелсіз   Қазақстанның   халықаралық   қауымдастықтағы   орны   және   Елбасы

Н.Ә.Назарбаевтың.   «Әлем.  XXI  ғасыр»   Манифесінің   негізгі   бағыттары   мен

маңызы қарастырылады.

1.   Адам   баласы   ғсырлар   бойы   мәңгілікке   ұмтылып,   ұрпағын   сақтап

отырған.   Мәңгілік   құндылығын   алғаш   байқағандар   өлгеннен   кейін   де   өмір

барына   сенген   ежелгі   тұрғындар,   homo   sapiens   өкілдері   болып   табылады.

Деректерден белгілі, «Мәңгілік тәңір» ұғымын түріктер ең жоғарғы және ең

қасиетті   ұғым   ретінде   танып,   бағалаған.   Сол   түріктерден   қалған   Орхон-

Енисей   жазба   ескерткішін   адамзат   өркениетінің   жарқын   беттері   санатына

жатқызсақ,   қасиетті   мұраның   интеллектуалдық   асқар   шыңы   -   «Мәңгі   ел»

идеясы,   идеологиясы,   практикасы.   Мәңгілікке   құштарлық   Египет

пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, ажалдан қашқан Қорқыт пен  жақсы

жер іздеген Асан қайғы құбылыстарын дүниеге әкелді.

Бүгінде,   Еуразия   жүрегіндегі   біздің   елде   тарих   жаңаша   қайталанып,

2014 жылдың 17 қаңтар күні жарияланған кезекті Жолдауында «Мәңгілік Ел»

ұлттық идеясы жаңа қырынан туындады. «Мен, – деді Елбасы Н. Назарбаев, –

Мәңгілік   Ел   ұғымын   ұлтымыздың   ұлы   бағдары   –   «Қазақстан-2050»

Стратегиясының түп қазығы етіп алдым».

86



Тарихи   деректерге   жүгінсек,   қазақтың   құт   мекенін   алыс-жақын

көршілеріміз  бен мемлекеттер  түрліше атағанын көреміз. Ежелгі  русьтіктер

«половецтер даласы» деп айшықтаса, орта ғасырлардағы араб жазбаларында

«Мафазат  –   ал   гуз»   (оғыз   даласы),   парсы   авторларында   «Дашт-и   қыпшақ»

(Қыпшақ даласы), «Улус ва ел қазақ» (Қазақ ұлысы) атауымен кездесетінін

ғалымдар   жазыпты.   Ал   ХV-XVIII   ғасырлар   аралығында   ұлттық   тарихымыз

«Қазақ ұлысы» (Қазақ хандығы) аясында тарих бетінен жоғалмай өрбігенін

баршамыз білеміз. 

Ресейге   бодан   болған   ғасырда   «Далалық   өлке»,   «Түркістан   өлкесі»,

«Қырғыз-қайсақ   өлкесі»   атансақ,   большевиктер   басқарған   тұста   «Қазақ

автономиялы   кеңестік   социалистік   Республикасы»,   «Қазақ   кеңестік

социалистік   Республикасы»   мәртебесімен   мемлекетімізді   құрдық,

халқымыздың   басы   қосылды,   жеріміз   жинақталды.   Әрине,   бұл   аралықта,

«Мәңгі ел» ретінде жойылып кетпеу мәселесі басты міндетке айналды. Оны әр

кезеңдегі   ұлт   зиялылары:   «Оян,   қазақ!»,   «Қазақ   автономиясы»,   «Қорған,

қазақ!», «Мен - қазақпын» идеологемаларына сиғызған.    

«Мәңгілік   Елдің»   түйінді   құндылықтары   туралы

   

1991   жылғы   17

желтоқсанда   –   ел   тәуелсіздігінің   бірінші   күні-ақ,   Елбасымыз   былай   деген

болатын: «Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да,

тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді.

Не   істесек   те   ақылмен   істейік,   арзан   ұранға   ермейік,   ұшпа   сезімге   ерік

бермейік   дегім   келеді.   Әсіресе,   жастар   салқынқандылықтан,   үлкенді

сыйлаудан,   сөзге   тоқтаудан   айнымаса,   қашанда   достыққа   адал   болса,

бауырмал,   кеңпейіл   болса,   халықтың   атына   сөз   келтіретін   ұстамсыздық

атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік». Осылайша Қазақстан, тұрақтылық пен

жасампаздыққа, халықтың бірігуіне ұмтылған ізденіс жолын таңдады. Олай

болса, болашақ ұрпақ алғыс айтатындай міндеттер шешімін табатын уақыт та

басталды...

2.   Қазақстанның   сыртқы   саясатындағы   басты   мақсат   –   бейбітшілік,

соғысты   болдырмау,   даулы   мәселелерді   келісімдер   жасау   жолымен   шешу.

Тәуелсіздік   алған   алғашқы   жылдардың   өзінде   Қазақстанды   108   мемлекет

таныса,   бұл   біздің   еліміздің   сыртқы   қатынаста   ұстанып   отырған   сындарлы

саясатының нәтижесі еді. Бүгінде Қазақстанды дүние жүзінің 180-нен астам

мемлекеті   танып,   120-дан   астам   ел   дипломатиялық   қатынастар   орнатып

үлгерді. Президент өзінің 2017  жылға арналған Жолдауында қазіргі заманғы

адамзаттың   лаңкестік   әрекеттердің   белең   алуымен   бетпа-бет   келуіне

алаңдаушылық білдіре келе, оларға  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет