Тері микрофлорасы және терінің pH көрсеткіші
Адамның терісінде әртүрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар тұрақты мекендейді, олар қалыпты
жағдайда сау адамда зиянсыз және тіпті пайдалы болып табылады. Терідегі микробтар әдетте екі
санатқа бөлінеді: резиденттік флора және транзиттік флора.
33
■
Резиденттік
флора микроағзалардың салыстырмалы белгіленген типтерінен тұрады; алайда, резиденттік
флора қамтитын түрлер барлық адамдар үшін қатаң белгіленбейді, себебі түрлердің типтері мен тығыздығы
анатомиялық орналасқан жерге, жергілікті ылғалдылыққа, тері майы мен тердің өндірілу көлеміне,
физиологиялық айырмашылықтарға, тамақтану рационына, жасқа, географиялық жағдайға, гормондық
мәртебеге, дәрілерге және басқа да факторларға байланысты адамнан адамға түрленеді.
34
Ең көп таралған
бактерияларға
Corynebacterium
,
Streptococcus
,
Staphylococcus
,
Neisseria
,
Peptococcus
,
Acinetobacter
және
Proprionibacterium
түрлері жатады, ал ең көп таралған саңырауқұлақ түрі –
Malassezia.
35
,
36
Резиденттік
флора ағзаны патогенді бактериялардан қорғайды.
37
Ол теріден механикалық үйкеліс арқылы оңай
жойыла алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |