Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ


Антропогенездің негізгі концепциялары



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата14.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#126538
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
Философия пәнінен дәріс тезистері 2022г

Антропогенездің негізгі концепциялары.

 

-



 

Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс 

эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.) 

-

 



Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен 

адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. 

Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм) 

-

 



Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық 

эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының 

және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. 

Рерих және т.б.) 

2.  Қазақ  философиясының  дүниетанымдық  ізденістерінде  адам  болмысының 

этикалық  жақтары:  жақсылық  пен  жамандық,  ізгілік  пен  зұлымдық,  ерлік  пен  батырлық 

мәселесі,  еріктілік  пен  бостандық  мәселесі,  ар-намыс,  аброй  катигорияларын  тереңінен 

қарастыру; адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық  ой-

тұжырмдарның  мәні  жоғары.  Ақын  жыраулардың  ой  толғауларынан  далалық  мәдени 

дәстүрдің  ерекшелігін,  көшпелілер  дүниетанымы,  адами  мінез-құлықтарын,  моральдық-

этикалық ұстанымдары айқын аңғарылады. Абай өзінің философиялық антропологиясында 

адамды  дүниенің  ең  маңызды  бөлігіне  жатқызады,  оның  бойындағы  асыл  қасиеттерге 

былай  сипат  береді:  Үш-ақ  нәрсе  -  адамның  қасиеті:  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы 

жүрек. Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.  

Шәкәрім  Құдайбердіұлы  адамның  адамдығы  мен  адамгершілік  қасиеттерінің  негізі, 

қоғамдық дамудың көзі деп қарастырып, ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның 

дамуының жолын көрсетіп берді. 

3.  «Адам»  түсінігі  барлық  адамдарға  тән  биологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік 

аспектілерді  қамтиды.  Биологиялық  түр  мен  әлеуметтік  топтың  жалғыз  өкілі  индивид. 

«Индивид»  -«тұлғаға»  өту  жолындағы  алғашқы  баспалдық.  Екінші  баспалдақ 

«индивидуалдылық»,  оның  мазмұнына  жеке  адамға  тән  (психофизиологиялық  құрылым, 

қоғамдағы  рөлі  мен  орны,  іс-әрекетінің  бағыты,  т.б.)  қасиеттер  кіреді.  «Тұлға»  дегеніміз-

белгілі-бір  өмірлік  мұраты,  мәдени  деңгейі,  қоғам  алдындағы  өз  құқығы  мен  міндетін 

білетін адам. Тұлға қоғам түсінігімен  тығыз байланыста болады.  Адам тіршілігі  ең басты 

сапа болғандықтан, оның үш компоненті бар: 

-

 



биологиялық  компонент  тәндік,  анатомиялық    ерекшелік,  жүйке  жүйесі  сияқты 

адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды; 

-

 

психологиялық компонент адам психикасындағы ой, ақыл, сезім, елес, түйсік, мотв, 



ес сияқты мінездемелерін айқындайды; 

-

 



әлеуметтік  компонент моральдық принциптерді, құндылықтар жүйесін, әлеуметтік 

тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін қоғаммен байланыста қарастырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет