Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады
:
онтология –
әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы
ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім;
гносеология –
таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы
жөніндегі ілім;
әлеуметтік философия
– қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен
табиғатпен өзара байланысы туралы ілім;
антропология –
адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.
аксиология –
құндылықтар туралы ілім;
этика
– адамгершілік, мораль туралы ілім;
логика
– ойлау заңдылықтары туралы ілім;
эстетика
– сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім.
4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлін оның қоғамдық
қызметтрінен көруге болады:
1.
дүниетанымдық
- дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді;
2.
методологиялық
– қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді,
нақтылайды;
3.
теоретикалық
– концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені
барынша жалпылауға үйретеді;
4.
гносеологиялық
– қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін
анықтауды) көздейді;
5.
аксиологиялық
(гр. Axios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан
(моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету;
6.
әлеуметтік
– қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын,
элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын
нұсқау;
7.
тәрбиелік
– гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға
керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу;
8.
сындарлы
– білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны
модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату;
9.
Достарыңызбен бөлісу: |