Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет64/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 


 
130 
 
 
25-
сурет. Табиғи аймақтық кешендердің дәлелдемелері және сыңарларының  
бір-біріне әсер ету желісі 
 
 
5.
4 ТАБИҒИ ТЕХНОГЕНДІК КЕШЕНДЕР 
 
Табиғи  ландшафттар  мен  адамзаттың  құрған  мәдени 
құрылымдарының  бір-біріне  әрекеті  және  бірге  қызмет  етуі, 
ландшафттың  сыңарларына,  яғни  өсімдік  жамылғысының 
құрамына  және  су  қоймаларын  тұрғызған  кезде  өзендердің 
ағынының тәртібіне өзгерістер енгізеді. 
Ландшафттардың құрамына жаңа техногендік, антропогендік 
құрылымдар  кіреді  және  оның  бөлшегі  болып  табылғанмен 
ландшафттар  табиғи  жүйе  ретінде  қалады.  Ландшафттың 
құрамына енгізілген жаңа сыңарлар табиғи сыңарлармен бірлесіп 


 
131 
жұмыс атқарады, сондықтан олардың арасындағы бір-біріне әсер 
ету жағдайын зерттеу арқылы, ландшафттың ыңғайсыз өзгеріске 
түсу  дәрежесін  шектеуге  болады.  Осының  нәтижесінде  адамзат 
ландшафтты табиғи үдеріс ретінде қарастырады, өйткені адамзат 
сыртқы  себепті  шарттарының  іс-әрекетін  орындаушы  болып 
табылады. Жаңа сыңарлар ландшафттардың сыңарларынан пайда 
болмайды,  сондықтан  олар  табиғи  жүйеге  жат  іс-әрекет 
көрсетеді, сондықтан ландшафттар оларды құрамына кіргізбеуге 
немесе  бейімдеуге  тырысады.  Осы  жағдайға  байланысты 
ландшафттың  құрамына  кіргізілетін  антропогендік  құрылымдар 
орнықты  болмайды  және  олар  адамзаттың  көмегінсіз  жеке 
қызмет атқара алмайды. 
Техногендік  жүйелер  –  адамзаттың  іс-әрекеті  арқылы 
құрылған  мәдени  құрылымдар  және  олар  қоршаған  табиғи 
ортамен  байланыста  жұмыс  атқарады.  Бұл  жүйе  тұрақты  түрде 
дами отырып, Жерге өскелең қиратқыш тұрғыда  әсерін тигізеді. 
Техногендік  жүйелер  мынандай  түрлерге  жіктеледі: 
тұрғындық  (тұрғын  аймақ  және  қалалық  инфроқұрылымдар), 
өндірістік, көліктік, демалыс, ормандық-техникалық, суды қорғау 
және ауылшаруашылық. 
Табиғи-техногендік жүйе – қоршаған ортамен әрекеттестікте 
болатын  табиғи  нысандар  және  инженерлік  құрылымдардың 
жиынтығы (26-сурет ). 
 
 
26-
сурет. Табиғи-техногендік жүйенің қызметтік желісі 


 
132 
Табиғи-техногендік жүйе жүйелі тіл табу көзқарасында көп 
себепші  шарттарды  және  көп  сыңарлы  құрылымды  ұсынады. 
Табиғи-техногендік  жүйе  қасиеті  табиғи  жүйенің  іргетасы 
арқылы анықталады және олрадың арасындағы қарым-қатынасты 
зерттеу пәніне айналады.
 
Табиғи-техногендік жүйе өзінің құрамы жағынан, аймақтың 
геологиялық  дамуына  сәйкес  келе  отырып,  геологиялық 
құрылыммен  тығыз  байланыста  болатын  негізгі  бір  нысанға 
айналады және табиғаттың ішкі жүйесінің құрамына енеді. 
Осы  ішкі  жүйелердің  әрекеттестіктерінен  табиғи-
техногендік  жүйе  пайда  болады.  Осы  көзқараста  табиғи-
техногендік жүйені зерттеу келісінің желісін құруға болады (27-
сурет). 
 
 
 
27-
сурет. Табиғи-техногендік жүйені зерттеу келісінің желісі 
 
Табиғи-техногендік 
жүйенің 
бір-бірімен 
тығыз 
байланыстығы 
құрылымдық 
үштікті 
ұсынады: 
табиғи 
құрылымдары  –  қоршаған  ортадағы  табиғаттық  құрылымның 
сыңарларын;  техногендік  құрылымдар  -  табиғи-техногендік 
кешенді ұсынады және табиғи және техногендік құрылымдардың 


 
133 
әрекетесуінің  ізі  ретінде,  қоршаған  ортаның,  табиғи-техногендік 
кешеннің әсерінен болатын қазіргі жағдайын көрсетеді.
 
Бұл мәселелерді шешудің жолын табу үшін, табиғи жүйенің 
теңгермелік  қасиетін  сақтауды  қамтамасыз  ететін,  биологиялық 
айналымның  орнықтылығының  шектелген  шамасын  анықтау 
арқылы,  адамзаттың  шаруашылық  қызметінің  биологиялық 
айналымның  көлеміндегі,  табиғи  үрдістерге  әсер  ететін  негізгі 
түрлерін  анықтау  керек  және  оның  шамасы  қоршаған  ортада 
ыңғайсыз жағдайлардың туындауына жол бермеуіне бағытталуға 
тиісті. 
Адамзат  қызметінің  нәтижесінде  өздігінше  геологиялық 
жүйедегі  жаңа  қоғамдық  орта  (нообиогеоценоз)  қалыптасады 
және  оның  құрамына  өндірістік  кәсіпорындардың  даму 
үдерісінде  құрылатын  техногендік-биологиялық-геологиялық 
бірлестіктер,  ауылшаруашылық  қызметінің  нәтижесіндегі  – 
аграрлық  бірлестіктер,  қалалық  құрылыстардың,  ауылдардың 
және  жол  құрылымдарының  негізінде  пайда  болатын  қалалық 
бірлестіктерді жатқызуға болады.  
Өнім  шығаратын  өндірістердің  құрамына  экологиялық 
жүйелер  кірген  жағдайда,  олардың  қызмет  ету  жағдайына 
өзгерістер  енгізіледі  де,  жаңа  экологиялық  жүйе  пайда  болады 
және оны табиғи-өндірістік жүйе деп атайды. 
Табиғи-өндірістік  жүйе  немесе  техногендік  жүйенің 
қоршаған  ортаға  әсерін  сипаттайтын  және  қызметінің  бағытын 
анықтаушы,  өндірістік  бөлім  болып  табылады.  Техногендік 
жүйенің  шекарасы  жүйенің  құрамына  кіретін  өндірістік 
кәсіпорынның  қоршаған  ортаға  әсер  ететін  аймақтың 
шекарасымен шектеледі. 
Сонымен,  тірі  денелердің  эволюциялық  даму  жүргісінің 
белгілі бір уақыт кезеңінде, адамзаттың естерінде үлкен серпіліс 
пайда  болды,  яғни  табиғи  ортаның  күн  көру  дәрежелерін  өсіру 
мақсатында  эволюцияның  жаңа  бұтағын  құру  арқылы  жердің 
кейіптік ойлағыштық қабатының негізінде, жаңа шеңбер арқылы, 
шынайы  заттық  іске  асыруға  болатын,    техногендік  ортаны 
құрды.  
Әлемдік  жүйенің  дамуының  қазіргі  кезеңіндегі  қарым-
қатынасы  төрт  құрылыммен  сипатталады:  табиғи  жаратылыс 
ортасы,  адам,  адамзаттық  қоғам  және  техногендік  орта. 
Адамзаттың  сұранысын  қанағаттандыру  үшін  құрал  есебінде 


 
134 
құрылған  техногендік  орта,  қазіргі  уақытта  әлемдік  жүйелердің 
бөлшектерімен  теңгерілген,  адам,  адамзат  қоғамы  және 
табиғатпен  салыстыруға  болатын  жүйеге  айналды.  Сонымен 
қатар,  техногендік  орта  барлық  әлемдік  жүйенің  негізі  бір  даму 
дәлелдемесіне  айналып,  өзін  қоршаған  табиғи  ортаны,  адамды 
және қоғамды өзіне тартып бара жатыр. 
Сондықтан  табиғи  ортаның  орнықтылығын  сақтау 
мақсатында,  табиғи-техногендік  кешендер  (ТТК)  өзінше 
техногендік табиғи геожүйені ұсынды. Геожүйелерге түсірілетін 
техникалық  іс-әрекетті  бағалау,  яғни  антпогендік  қысымның 
шектелген  мүмкіншілік  шамасын  анықтау  үшін  табиғи-
техногендік 
кешендердің 
техногендік 
қысымға 
қарсы 
орнықтылық  дәрежесін  анықтау  керек.  Себебі,  геожүйлердің 
орнықтылыққа  бейімделуі  және  сыртқы  табиғи  себептік 
шарттарының  ырғағы  кезінде  дұрыс  қызмет  атқару  дәрежесі 
белгілі бір шектелген шамада ғана сақталады.  
Табиғи  технегендік  кешендер  –  табиғи  және  техногендік 
сыңарлардың  бір-бірімен  байланысынан  тұратын  және  олардың 
арасында  зат  және қуат  алмасу  жүретін,  табиғи  ландшафтардың 
әртүрлі деңгейінде құрылған біртұтас кешен. Табиғи-техногендік 
кешендер  немесе  техногендік  табиғи  жүйелер  өзінің  құрамына 
табиғи  және  техногендік  құрылымдарды  кіргізе  отырып,  жеке 
бөліп  қарастыруға  болмайтын,  табиғатты  үйлестірудің 
құрылымдық бөлігі болады. 
Табиғи техногендік кешендердің табиғи бөлігіне атмосфера, 
гидросфера,  литосфера  және  биосфера  кіреді.  Ал,  оның 
техногендік 
құрамына 
ауыл 
шаруашылығы, 
орман 
шаруашылығы, балық шаруашылығы, энергетика және өндірістік 
орындары кіреді.  
Табиғи-технегендік кешендер табиғи географиялық құрылым 
болып  табылатындықтан,  олар  ландшафттардың  ішкі  жүйесіне 
орналасады.  Геожүйенің  құрылымы  болып  табылатын 
техногендік  табиғи  сыңарларының  орнықтылығы,  оның 
атқаратын  әлеуметтік  экономикалық  қызметін  орындау 
мүмкіншілігі бойынша анықталады. 
Техногендік  табиғи  жүйелерді  құру  үшін  мынадай 
қағидаларды жетекшілік ету керек: 


 
135 

біртұтастық  қағидасы  табиғатты  қайта  үйлестірудің 
нұсқасы  жеке  бөлшектерден  немесе  құрылымдардан  тұрмау 
керек; 

табиғи  ұқсастық  қағидасы  табиғатты  қайта  үйлестірудің 
технологиясы,  мүмкіндігінше  табиғи  бөлшектердің  жаратылыс 
құбылысын қайталауға тырысуы керек; 
 - 
тепе-теңдікті  сақтау  қағидасы  шаруашылық  қызмет 
атқаратын  аймақтың  қоры  және  табиғи  жүйесінің  экологиялық 
мүмкіншілігі бір-біріне сай келуі керек; 

әртүрліліктің  қажеттілік  қағидасы,  технологиялық 
жүйелердің басқару қызметін атқару мүмкіншілігі, басқарылатын 
табиғи жүйедегідей әртүрлі болуы қажет; 

бірдей әсер ету қағидасы табиғи жүйені басқару тура және 
кері байланыстың негізінде құрылуға тиісті; 

айналымның  бір-біріне  сай  келу  қағидасы  заттар  және 
қуаттың 
табиғи 
және 
табиғи-техногендік 
қысымның 
нәтижесіндегі  айналымның  бағыты  және  қарқыны  сай  келуі 
қажет; 

алдын  ала  сезу  қағидасы  басқару  қызметінің  әсерінен, 
табиғи жүйенің қызметінің өзгеруін бақылау, көпжылдық нақты 
мәліметтердің негізінде жүзеге асырылуға тиісті; 

ілімді  біріктіру  қағидасы  табиғатты  қайта  үйлестіру 
кезеңіндегі  инженерлік  техникалық  шараларды  негіздеуге 
арналған, табиғи заңдылықтарға негізделген ғылыми қорын құру. 
Қазіргі  заманғы  табиғи-техногендік  кешендер  негізгі  екі 
бөліктен,  яғни  табиғи  және  техногендік  құрылымдардан  басқа, 
басқару құралдарынан және басқару жүйелерінен тұрады. 
Табиғи-технегендік  кешендерді  басқаруды  ұйымдастыру 
үшін  бірнеше  бөлшектер  қажет:  рецептор  кешенінің  нысанын 
басқару  туралы  ақпаратты  беретін  және  қабылдайтын  бөлігі; 
эффекторлық  басқару  көрсеткіштеріне  әсер  ететін  бөлік;  шешім 
қабылдау  бөлігі,  яғни  рецептордан  түскен  ақпараттық 
мәліметтердің  нәтижесінің  негізінде,  әлеуметтік  экономикалық 
мақсатқа  қолжеткізуге  болатын  шешімді  қабылдайды.  Қазіргі 
кезде қабылданған кез келген шешім сынақтық жүйені пайдалану 
арқылы  қолдау  табуы  керек,  яғни  мәліметтер  қорын, 
геоақпараттық  жүйесін,  мониторинг  жүйесін,  болжамдау  және 
парапар қағидасын пайдалануға мүмкіншілік береді. 


 
136 
Табиғатты  үйлестіру  кезіндегі  табиғи  техногендік 
кешендердің  құрамына  қайта  бапталған  жерлер,  адамзаттың  іс-
әрекетімен  құрылған  су  нысандары,  табиғи  залалдан  қорғалған 
жерлер,  экологиялық  құрылымдары  құрылған  жерлер  және 
табиғатты қорғау аймақтары кіреді. 
Табиғатты  үйлестіру  кезінде,  оның  тиімділігін  арттыру, 
қалпына  келтіру,  тазалау  және  қорғау  үшін  өте  қысқа  уақыттың 
ішінде  және  үлкен  аумақтағы  табиғаттың  құрамына,  басқару 
және өзгерту іс-әрекеттің нәтижесі бойынша мақсатты өзгерістер 
енгізіледі.  Бұның  өзі  табиғатты  үйлестіруге  қажетті  әртүрлі 
инженерлік жүйелерді құруды талап етеді: 

инженерлік  мелиоративтік  жүйе  (ИМЖ)  –  әртүрлі  бағытта 
дайындалған  жерлердің  оңтайлы  мелиоративтік  тәртібін  құруға 
арналған  кешенді  құрылымдар  және  шаралар,  яғни  оған 
ауылшаруашылық  жерлердегі    құрғату  және  суғару,  қаладағы 
және жолдардағы арнайы кәріз жүйелері кіреді; 

инженерлік  экологиялық  жүйе  (ИЭЖ)  –  адамзаттың  және 
биологиялық  денелердің  экологиялық  қауіпсіздігі  үшін 
геожүйенің 
құрылымдарының 
табиғи 
өзін-өзі 
тазарту 
мүмкіншілігін  қалпына  келтіру,  оларға  лас  заттардың  түсу 
шамасын  шектелген  мөлшер  дейгейіне  дейін  төмендететін 
құрылымдар кешені және шаралар ; 

инженерлік  табиғатты  қорғау  жүйесі  (ИТҚЖ)  –  табиғатты 
пайдалану  және  үйлестіру  кезеңіндегі  алқапты  ыңғайсыз 
жағдайдан  қорғайтын  құрылымдар  кешені  және  шаралар,  яғни 
олардың мақсаты елді мекенді, өндірістік және ауылшаруашылық 
аудандарды,  ерекше  қорғалатын  табиғи  алқаптарды  және 
демалыс  орындарына  жақын  жерлерде  ыңғайсыз  жағдайлардың 
қалыптасуына жол бермеу; 

инженерлік жерді баптау жүйесі (ИЖБЖ) – әртүрлі бағытта 
пайдаланатын  жерлерде  ыңғайлы  баптау  тәртібін  жүргізуге 
арналған уақытша құрылымдар кешені және шаралар, яғни олар 
салыстырмалы  түрде  қарағанда  қысқа  уақытқа  (10-20  жылдар) 
құрылады  және  ол  жүзеге  асырылған  соң,  басқа  қорға 
айналдырылады да, жерді пайдаланушыларға береді; 

инженерлік  залалдарға  қарсы  жүйе  (ИЗҚЖ)  –  аймақтарды 
ыңғайсыз  табиғи  әсерлерден  қорғауға  арналған  құрылымдар 
кешені және шаралар, яғни оған көшінділер, қарғындар, су басу, 
жағаны шаю және аяздану жатады; 


 
137 

инженерлік  сумен  қамтамасыз  ету  және  тастау  (ИСҚТ)  – 
сумен  қамтамасыз  ету,  лас  суды  тастау  және  суландыру 
жүйесіндегі  судың  қажетті  сапасын  қамтамасыз  етуге  және 
пайдаланылған суды тастауға арналған құрылымдар кешені және 
шаралар; 

қалдықтарды  сақтау  жүйесі  (ҚСЖ)  -  пайданылған  өнімнің 
және  өндірістік  қалдықтарды  ұзақ  уақыт  экологиялық  қауіпсіз 
сақтауды қамтамасыз ететін құрылымдар кешені және шаралар. 
Сонымен, табиғи-техникалық кешеннің құрамындағы, қазіргі 
жағдайдағы  техногендік  орталар  бастапқы  кезде  ақпараттық 
деңгейде  дамуына  қарамастан,  бүгінде  жалпы  біртұтас  әлемдік 
құрылымды  ұсынады.  Жер  жүзінде  құрылған  техногендік 
ортаның  аралдары,  бүгінде  ғаламдық  әлемдік  жүйеге  айналған 
және  онымен  бірігіп  кеткен,  ал  оның  өзіндік  ерекшелігі,  даму 
үдерістерінің біртұтас басқаруға келмейтіндігінде. 
Бұның  өзі,  бүгінгі  күнде  адамзаттың  бір  жағынан 
технологиялық  әлемнің  дамуын  реттеуге  немесе  оны  алдын  ала 
болжауға  мүмкіншілігінің  жоқтығынан  болса,  екіншіден  -  адам 
және  қоғамның  техногендік  ортаның  беретін  игілігін  және 
ыңғайлы жағдайларын дұрыс қабылдай алмауына байланысты.  
Адамзаттың бұл тұтыныстық сұранысы техногендік ортаның  
дамуының  ыңғайсыз  жағдайымен  қарама-қайшы  келуінде,  яғни 
бұл осы заманның бірден-бір әлемдік мәселесіне айналып отыр. 
Болашақта  техникалық  даму  қағидасына  негізделген 
қоғамның даму жүйесіне өзгерістер енгізуді бірнеше жолдармен 
жүргізуге  болады:  біріншіден,  адамның,  қоғамның  және 
техногендік  ортаның  дамуын  тек  қана  адамзаттың  өзі  ғана 
жүргізе  алатындығында  және  басқа  ешкімнің  қолынан 
келмейтіндігінде; екіншіден, техногендік ортаны басқа нәрсемен 
ауыстыруға  болмайтындығында,  себебі  адамзат  тіршілігі  қазіргі 
заманда  техника  және  техногендік  ортамен  тіклей  байланысты, 
яғни  адамзаттың  тұтыну  әдісі  мәдени  құралдарды  пайдалану 
арқылы  табиғи  қорларды  түрлендіруге  негізделген  және  одан 
басқа ешқандай құрылымдық әдістердің жоқтығында; үшіншіден,  
техногендік  орта  заттандырылған  жаңа  шеңберді  қамтитын 
болғандықтан,  оның  мүмкіншілігін  өзгерту  үшін,  жердің 
«ойланғыштық  қабығында»  болатын  жоспарланған  өзгерістерді,
 
адамзаттың  және  қоғамның  ойлау  қабілетін  өзгерту  арқылы 


 
138 
жүзеге  асыру  қажет,  яғни  құндылық,  ғибраттық,  әдептілік 
жүйесіне өзгеріс енгізу керек. 
Табиғи-техногендік  геологиялық  жүйе  –  геологиялық 
ортадағы  табиғи  нысандар  және  бір-бірмен  байланыста  болатын 
техникалық  құрылыстардың  (тауды  табушылар  кешені) 
жиынтығы.  Табиғи-техногендік  жүйе  және  тбиғи-техногендік 
геологиялық  жүйе  табиғи-техногендік  кешендердің  бөлімдері 
болып табылады.  
Сонымен,  табиғи-техногендік  жүйе  (ТТЖ)
 
– 
адамзаттың 
табиғи-техникалық 
іс-әрекетінің 
жағдайындағы 
табиғи 
үдерістердің  бағытын  және  қарқынын  қалыптастыруға  және 
сақтауға,  басқаруға  және  реттеуге  бағытталған  белгілі  бір 
мәселелерді  шешуге  арналған  табиғи  және  инженерлік 
нысандардың жиынтығы.
 
Қазіргі  кездегі  ғылыми-техникалық  төнкерістің  нәтижесінде 
қоғам,  өндіріс  және  табиғаттың  арасындағы  бір-бірмен  қарым-
қатынас  күрделене  түсті.  Қазіргі  замандағы  қалыптасқан 
қарқынды  өндірістік  қызметтің  көлемдерінде,  әрбір  он  бес  жыл 
сайын  екі  есе  өсіп  отыруы,  табиғи  ортаның  және  олардың 
қорының  сапасына  үлкен  өзгерістер  енгізілуде.  Көптеген 
өндірістік  қызметтің  нәтижелері  табиғи  ортаға  кері  әсерін 
тигізеді,  яғни  ауа  және  су  орталарының  ластануына, 
топырақтардың  құнарлығының  төмендеуіне  және  де  басқа 
зиянды құбылыстарының пайда болуына алып келеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет