58
46. Бір бетте 10 жабыстырма бар, олар 50 тең- ге тұрады. Бір жабыстырма
қанша тұрады?
47. 4 жабыстырма 32 теңге тұрады. 1 жабыстырма қанша тұрады?
48. Мектеп асханасына әр тәрелкеге 2-ден құймақ қойды. Қанша тәрелке
қажет болды?
49. Ағаш ұстасы әр күнде 8 орындық жасап отырды. Ол 48 орындықты неше
күнде дайындайды?
50. 63 раушан гүлінен әрқайсысында 7 данадан гүлшоқтар жасады. Қанша
гүлшоғы жасалды?
51. Әрқайсысында 7 дана раушан гүлі бар 9 гүлшоғын жасады.
Гүлшоқтарды жасауға қанша раушан гүлі қажет болды?
52. 9 гүлшоғын 63 раушан гүлінен жасады. Әр гүлшоғында қанша раушан
гүлі бар?
53. 30 алманы 5 тәрелкеге теңдей етіп салып қойды. Әр тәрелкеде қанша
алма бар?
54. Амазонкада виктория-регия деп аталатын ең ірі су өсімдігі өседі. Оның
жапырағының диаметрі 2 м, ол 50 кг-ға дейін салмақты көтере алады. Осы
өсімдіктің 5 жапырағы қандай салмаққа шыдай алады?
Достарыңызбен бөлісу: