Сөз есептер жинағы


Екі бөліндінің қосындысын табу



Pdf көрінісі
бет30/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Екі бөліндінің қосындысын табу
 
 
1.    9  қызыл  дөңгелекті  және  8  сары  дөңгелекті  тиісінше  2-3-тен  қорапқа 
орналастырды. Онда қанша қорап болды? 
 
2. Үлдарға 2 шардан 6 жасыл шар таратты және 9 қызыл шарды қыздарға 3 
шардан таратып берді. Барлығы қанша бала шар ұстап тұрды? 
 
3. Буфетте әрбір сервизде 6 данадан 18 шайға арналған шыныаяқтар және 
әрбір  сервизде  4  данадан  12  кофеге  арналған  шыныаяқтар  тұр.  Буфетте 
барлығы қанша шыныаяқ тұр? 
 
4. Мектептің спортзалына әрбір  жиынтықта 4 гантельден 16 гантель және 
бір  жиынтықта  4  әртүрлі добы  бар  24  доп  сатып  әкелді.  Қанша  жиынтық 
гантель мен доп сатып алдьі? 
 
5.  Шатырға  72  саяхатшыны  9  адамнан,  ал  56  саяхатшыны  7  адамнан 
орналастырды. Сонда қанша шатыр қажет болды? 
 
6. Стақандарға 2 литр компотты 200 грамнан құйды және 3 литр какаоны да 
осындай сыйымдылықтаты стақандарға құйды. Қанша стақан қажетболды? 
 
7. 24 л шие шырынын әрбіреуі 3 л құгыға және осыншама  алма шырынын 
әрбіреуі 6 л құтыға құйды. Барлығы қанша құты қажет болды? 
  
8.  Жәшіктерге  әрбіреуіне  8  кг-нан  32  кг  қиярды  салып  қойды,  ал  45  кг 
қызанақты 5 кг-нан салып қойды. Барлығы қанша жәшік керек? 
 
9. Теміржолдың бір жағына әрбір қатарға 50 теректен 100 терек, ал екінші 
жағына  әрбір  қатарға  60  қарағайдан  120  қарағай  отырғызды.  Барлығы 
қанша қатар ағаш отырғызылды? 
 
10.  30 литр сүтті әрбір тобатайға 3 литрден, ал 10 литр сүтті әрбір құтыға 2 
литрден құйды. Қанша құты және тобатай қажет болды? 
 
11.  Саябақтың  бір  жағына  әрбір  қатарға  30-дан  120  көгілдір  шырша,  ал 
екінші  жағына  әрбір  қатарға  50  қарағайдан  150  қарағай  отырғызды. 
Барлығы қанша қатар ағаш отырғызды? 
 
12. Әрбір тобатайға 15 литрден 45 л сүт кұйды, ал 18 л сүтті әрбіреуі 3 литр 
қүтыға қүйды. Онда қанша тобатай мен қанша құты қажет болды? 
 


83 
 
13. Кітапханаға бір бумада 8 данадан 64 оқулық және бір бумада 30 данадан 
120 көркем әдебиет кітаптарын әкелді. Барлығы қанша бума кітап әкелінді? 
 
14.  Жарысқа  әрбір  орамада  9  данадан  27  көк  түсті  футболка  және  әрбір 
орамада  8  данадан  32  қызыл  түсті  футболка  әкелді.  Жарысқа  барлығы 
қанша орама футболка әкелді? 
 
15.  Мектеп  бау-бақшасында  балалар  бірінші  күні  60  кг  алма  терді  және 
оларды  әрбір  жәшікке  12  кг-нан  салды,  ал  екінші  күні  36  кг  теріп, 
жәшіктерге  18  кг-нан  салып  қойды.  Екі  күнде  алмаға  қанша  жәшік  керек 
болды? 
 
16.    Жұмыскерлер  екі  пойызбен  құрылысқа  кетті.  Бір  пойызда  әрбір 
вагонында 60 адамнан 850 адам, ал екіншісінде әрбіреуінде 60-тан 840 адам 
кетті.  Жұмыскерлерді  жөнелту  үшін  қанша  вагон  қажет  болды? 
(120,31,17,10) 
 
17.  Кәдімгі  қолтырауынның  ұзындығы  19  м  50  см,  ал  екі  аллигатордың 
ұзындығы  11  м  60  см.  Егер  қолтырауындар  мен  аллигаторлардың 
ұзындықтары  орта  шамамен  алганда  біркелкі  десек,  кәдімгі  қолтырауын 
мен аллигатордың жалпы ұзындығы қанша? 
 
18. Батыс Афрйкада бойы 2 м-ге дейін жететін ең үлкен маймыл горилла, ал 
Мадагаскарда  бойы  20  см-ге  дейін  жететін  ең  кішкентай  маймылдар 
мекендейді.  Бес  үлкен  гориллалар  салмағы  1000  кг,  ал  елу  кішкентай 
маймылдар  -  12  кг  500  г.  Бір  кішкентай  маймыл  мен  горилланың  жалпы 
салмағы қандай? 
 
19.  Қызанақ  немесе  томаттың  Отаны  -  Оңтүстік  Америка.  Онда  ірі 
селекциялық  сұрыптытоматтан  басқа  ұсақ  арамшөп  түріндегі  томатта 
кездеседі.  4  ірі  селекциялық  томаттың  сапмағы  3  кг  800  г,  ал  14  ұсақ 
арамшөп  түріндегісінікі  -  28  г.  Бір  селекциялық  және  бір  ұсақ  арамшөп 
томатының салмағы және екеуін бірге қосқандағы салмағы қандай болады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


84 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет