1. 15 бірдей дискілерді екі қорапқа бөліп салу керек. Әрбір қорапта қанша
дискіден болады? Қанша диск қалады?
2. 17 дискіні 4 қорапқа бірдей бөліп салу керек. Әрбір қорапта қанша
дискіден болады? Қанша дискі салынбай қалады?
3. Фарфор фабрикасында әртүрлі тәрелкелерді түрлі көлемдегі қорапқа
буып-түйді. Қанша қорап болады және қанша тәрелке қалады, егер 45 (49,
19, 29, 45) тәрелкені 6 (8, 5, 7, 8) тарелкеден қорапқа буып-түйсе?
4. Дәптершелерді әрбір будаға 8 данадан буып түйді. Егер 30 (34, 48, 55, 70,
91) дәптершелерді буып-түйсе, қанша қорап болады және қанша
дәптершеден қалады?
5. Анасы 18 бәліш пісіріп, оларды 4 тәрелкеге бөліп салды. Бір тәрелкеде
қанша бәліштен болды және қанша бәліш қалды?
6. Төлегенде 500 теңге болды. Ол бірнеше дәптерді 45 теңгеден сатып алды.
Төлеген қанша дәптер сатып алды және онда қанша ақша қалды?
7. Дәптер салатын бума 90 теңге тұрады. Осындай қанша буманы 150 (250,
380, 540, 940) теңгеге сатып алады және әрбір жағдайда қанша ақша
қалады?