118
45. © Әнуар балық аулауға барып, үлкен шортан балық ұстап алды! Оның
салмагы Әнуардың жиырмадан бір бөлігін құрады. Егер Әнуардың салмағы
40 кг-га тең болса, шортанның салмағы қандай болды?
46. Әлемде акуланың 250-ге дейін түрі белгілі. 1/5 бөлігі адам үшін қауіпті,
ал 1/25 бөлігі - айбарлы тірі жан өлтірушілер. Акулалардың неше түрі адам
үшін қауіпсіз болып табылады?
47. Әлемдегі ең ірі қосжақгаулы ұлу - тридакна салмағы 240 кг-ға жуық.
Денесінің салмагы жалпы салмағының 1/8 бөлігін құрайды, ал қалғаны -
бақалшақ жақтауларының салмағы. Сонда бақалшақ жақтауларының
салмағы қандай?
48. Қазақстанда 835 омыртқалылар түрі мекендейді. Олардың 1/17 бөлігі -
бауырымен жорғалаушылар. Бауырымен жорғалаушылардың неше түрі
бар?
Достарыңызбен бөлісу: