137
гүлзарлар мен жүретін жолдар орналастырылған. Қандай ауданды гүлдер
мен жолдар алып жатыр?
23. Тіктөртбұрыш пішіндес бау-бақшаның ұзындығы 80 м, ені 60 м тең.
Бақшаның сегізден бесіне алма ағашы, қалған бөлігіне алмұрт егілген. Бау-
бақшаның қандай бөлігіне алмұрт егілген?
24. Ауданы бірдей екі тіктөртбұрыш бар. Біріншісінің ені 18 см, ұзындығы
30 см, ал екіншісінің ұзындығы 36 см. Екінші тіктөртбұрыштың ені қандай?
25. Кіреберістің үзындығы 9 м, ені 5 м-ге кем. Кіреберістің ауданын тап.
26. Жер учаскесін кайта жоспарланған кезде бақшаның өлшемін өзгертуді
шешті. Бастапкыда ол ұзындыгы 40 м, ені 28 м болды. Онын ұзындығын 15
м ұлғайтып, енін 8 м кемітті. Оның ауданы қалай өзгерді?
27. Үзындыгы 6 м және биіктігі 3 м іргені қаптау үшін, қабырғасы 3 дм
қанша тақташа қажет?
28. Биіктігі 5 м және ұзындығы 9 м іргені сырлау үшін қанша сыр керек
болады, егер 1 ш. м ауданға 300 г сыр қажет болса?
29. Тіктөртбұрыштың ауданы 48 ш.м. Егер ұзындығына қарағанда, ені 3 есе
қысқа болса, ұзындығы мен ені қанша?
Достарыңызбен бөлісу: