Сөз есептер жинағы


Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептер



Pdf көрінісі
бет76/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
   Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептер 
 
Объектілердің  бір  бағытта  қозгалу  кезінде  олардың  жақындау 
жылдамдығы жылдамдықтарының айырмасына тең:
 
 
Vжақ. = V
2
 
 V
1
 
 
1.  Саяхатшылар  демалатын  жерге  дейін  5  км/сағ  жылдамдықпен  6  сағат 
жүрді. Демалғаннан кейін олар тағы 4 сағат жүрді. Егер барлық жол 46 км-
ге тең болса, демалғаннан кейін олардың жылдамдығы қандай болды? 
 
2.  Екі  ауылдың  арасындағы  жолды  бала  150  м/мин  жылдамдықпен  10 
минутта  жүгіріп  өтеді.  Қанша  уақытта  ол  осы  жолды  75  м/мин 
жылдамдықпен жай жүріп өтеді? 
 
3. Ауылдан ауданға дейінгі аралық 50 км, ап ауданнан қалаға дейін 300 км. 
Ауылдан  қалаға  дейін  70  км/сағ  жылдамдықпен  қанша  уақытта  келуге 
болады? 
 
4. Ауылдан ауданға дейін 60 км, ал ауданнан қалаға дейін 150 км. Ауылдан 
қалаға дейін 70 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта келуге болады? 
 
5.  Бірінші  күні  жауынгерлер  8  сағатта  32  км  жүрді.  Екінші  күні  олар  сол 
жылдамдықпен  жолда12  сағат  болды.  Екі  күнде  жауынгерлер  қанша  жол 
жүрді? 
 
6.  Автоколік  50  км/сағ  жылдамдықпен  350  км  жүрді  және  тағы  90  км/сағ 
жылдамдықпен 360 км жүріп өтті. Барлық жолға ол қанша уақыт кетірді? 
 
7. Үйден дүкенге дейін қыз бала 400 м екі қысқа көшеден және тағы 300 м 
өтті.  Егер  дукенге  дейінгі  аралық  1  300  метр  болса,  оған  әлі  қанша  жүру 
қалды? 
 
8.  Велосипедші  4  сағатта  48  км,  ал  жаяу  жолаушы  6  сағатта  24  км  жүрді. 
Жаяу жолаушыдан велосипедшінің жылдамдығы неше есе артық? 
 
9.  Теплоход  40  км/сағ  жылдамдықпен  280  км  жүрді.  Сол  уақытта  автобус 
350 км жүрді. Автобустың жылдамдығы қандай? 
 


156 
 
10. Саяхатшылар автобуспен 70 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді және 4 
км/сағ сағат жылдамдықпен 6 сағат жаяу жүрді. Жаяу жүргенге қарағанда, 
олардың автобуспен жүрген жолы қаншаға артық болды? 
 
11.  Моторлы  қайық  4  сағатта  144  км  жүрді.  Егер  оның  жылдамдығы  12 
км/сағ баяуласа, ол осы жолды қанша уақытта жүреді? 
 
12. Ұшақ 4 сағатта 1520 км ұшып өтті. Егер ұшақ жылдамдығын 40 км/сағ 
арттырса, ол 5 сағатта қанша жол жүреді? 
 
13.  Автобус  түнеуге  дейін  60  км/сағ  жылдамдықпен  7  сағат  жүрді.  Түнеп 
шыққаннан  кейін  ол  тағы  3  сағат  жүрді.  Егер  барлық  жол  660  км-ге  тең 
болса, оның жылдамдығы түнегеннен кейін қанша болды? 
 
14. Екі қаланың арасындағы жолды автокөлік 60 км/сағ жылдамдықпен 12 
сағатта жүріп өтеді. Ол осы жолды 80 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта 
жүріп өтеді? 
 
15. Бірінші қүні автокөлік 560 қм жолды 7 сағатта жүріп өтті. Екінші күні 
ол  бастапқы  жылдамдықпен  жүріп,  жолда  9  сағат  болды.  Екі  күнде 
автокөлік қанша жол жүрді? 
 
16. Бір қаладан екіншісіне дейінгі аралық 30 км, ал екіншісінен үшіншісіне 
дейін 600 км. 90 км/сағ жылдамдықпен бірінші қаладан үшінші қалаға дейін 
қанша уақытта жетуге болады? 
 
17. Велосипедші түске дейін 15 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Түстен 
кейін ол тағы 4 сағат жүрді. Егер барлық жол 131 км-ға тең болса, түстен 
кейін оның жылдамдығы қандай болды?  
 
18.  Автокөлік  7  сағатта  560  км  жүрді,  ал  шағын  кеме  13  сағатта  260  км 
жүрді. Шағын кемеден автокөліктің жылдамдығы неше есеге көп? 
 
19. Саяхатшы велосипедпен 16 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді және 7 
км/сағ жылдамдықпен 4 сағат қайықта жүзді. Қайықтағыға қарағанда оның 
велосипедтегі жылдамдығы қаншаға артық? 
 
20. Қаланың ортасынан шетіне дейін автокөлік ұзындығы 800 м 3 көше және 
ұзындығы  200  м  көше  аралығынан  өтті.  Егер  қаланың  ортасынан  шетіне 
дейін 3000 метр болса, оған әлі қанша жүру қалды? 
 
21. Ұшақ 300 км/сағ жылдамдықпен 3900 км ұшып өтті. Осындай уақытта 
пойыз 780 км жүрді. Пойыздың жылдамдығы қандай? 


157 
 
 
22. Екі ауылдың арасындағы жолды велосипедші 250 м/мин жылдамдықпен 
250 минутта жүріп өтеді. Ол осы жолды 300 м/мин жылдамдықпен қанша 
уақытта жүріп өтеді? 
 
23.  Саяхатшы  6  км/сағ  жылдамдықпен  24  км  және  тағы  5  км/сағ 
жылдамдықпең 5 км жүріп өтті. Барлық жолға ол қанша уақыт кетірді? 
 
24. Саяхатшылар 8 сағатта 48 км жүрді. Егер олардың жылдамдығы 2 км/сағ 
азайса, қанша уақытта осы жолды жүріп өтеді? 
 
25. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Осыдан кейін, оған 
жүргеніне қарағанда 2 есе көп жүру қалды. Ол барлығы қанша км жүріп өтуі 
керек еді? 
 
26. Ауылдан ауданға дейінгі аралық 2500 м, ал ауданнан қалаға дейін 2900м. 
Қанша уақытта 900 м/мин жылдамдықпен ауылдан қалаға дейін жүріп өтуге 
болады? 
 
27.  Бірінші  күні  автобус  6  сағатта  480  км  жүріп  өтті.  Екінші  күні  ол  сол 
жылдамдықпен жүріп, жолда 13 сағат болды. Екі күнде автобус қанша жол 
жүрді? 
 
28.  Велосипедші  16  км/сағ  жылдамдықпен  64  км  және  17  км/сағ 
жылдамдықпен 51 км жүрді. Барлық жолға ол қанша уақыт жұмсады? 
29.  Автокөлік  9  сағатта  720  км  жүрді.  Егер  оның  жылдамдығы  20  км/сағ 
төмейдесе, ол сол жолды қанша уақытта жүріп өтеді? 
 
30. Автокөлік 60 км/сағ жылдамдықпен 7 сағат жүрді. Осыдан кейін оның 
жүргеніне қарағанда 3 есе артық жол қалды. Ол барлығы қанша километр 
жол жүріп өтуі керек? 
 
31. Адам 4 минутта 720 метр жүгірді. Егер өзінің жылдамдығын 20 м/мин 
ұлғайтса, ол 7 минутта қанша қашықтықты жүгіріп өтеді? 
 
32. Велосипедші 40 секундта 240 м жүріп өтгі. Егер өзінің жылдамдығын 2 
м/с ұлғайтса, ол 70 секундта қанша қашықтықгы жүріп өтеді? 
 
33. Жаяу жолаушы 100 м/мин жылдамдықпен 4 минут жүрді. Осыдан кейін 
жүргеніне қарағанда, оған 8 есе көп жүруі қалды. Ол барлығы қанша метр 
жүру керек еді? 
 


158 
 
34.  Спортшы  8  км/сағ  жылдамдықпен  2  сағат  жүгірді  және  5  км/сағ 
жылдамдықпен 
3
 сағат баяу жүрді. Жүгіргенге қарағанда, баяу жүріп өткен 
жолы қаншаға артық болды? 
 
35. Бір бала 42 метрді 3 м/сек жылдамдықпен жүгіріп өтті. Осындай уақытта 
екінші бала 56 м жүгірді. Екінші баланың жылдамдығы қандай? 
 
36. Қыстақтан ауылға дейін велосйпедші ені 600 м екі егін алқабынан және 
тағы ені 700 м кішкене тоғайдан айналып өтті. Егер ауьшға дейінгі аралық 
2500 метрге тең болса, оған әлі қаңша жүру қалды? 
 
37. Велосипедші 10 сағатта 160 км жүріп өтті. Егер өзінің жылдамдығын 2 
км/сағ азайтса ол тағы 42 км-ді қанша уақытта жүріп өтеді? 
 
38.  Пойыз  9  сағатта  810  км  жүрді,  ал  велосйпедші  5  сағатта  75  км  жүріп. 
өтті. Велосипедшіден пойыздың жылдамдығы неше есе артық?  
 
39. Автокөлік 2 сағатта 170 км жүріп өтті. Келесі 3 сағатта ол 5 км/сағ кем 
жылдамдықпен жүрді. Автокөлік барлығы қанша километр жүрді?  
 
40. Катер 3 сағатта 66 км жүріп өтті. Егер катер сол жылдамдықпен жолда 
7 сағат болса, қанша километр жүреді? 
 
41. *Қайық бір жағажайдан екіншіріне км/сағ жылдамдықпен 
һ
 сағат жүріп 
келгеңде, бастапқы жүргеніне қарағанда оған 
р
  есе  жүру  аз  қалды.  Қайық 
қанша жол жүзіп өтуі керек?  
42.  Велосипедші  10  сағатта  150  км  жүрді.  Егер  жылдамдығын  3  км/сағ 
азайтса, ол тағы 48 км-ді қанша уақытта жүреді? (3, 4, 5 сағат) 
 
43. Бала мектепке дейін 6 м/мин жылдамдықпен 
б
 минут жүрді, ал сосың 
р
 
м/мин жылдамдықпен 
а
 миңут жүгірді. Мектепке дейіңгі жол қандай? 
 
44.  ©  Қызыққұмар  Құлан  топтан  қалып    қойып,  үңгірге  кірді.  Ал  онда 
жалмауыз Құлан 5 Минут - 3 м/с жылдамдықпен жүгірді, ал сосын жардан 
5 м/с жылдамдықпен құлай отырып, ауада 5 секунд ұшып өтті. Құланның 
жалмауыз үңгірінен жардың түбіне дейінгі жолы қандай? 
 
45. © Маса жаралы аяғымен көрші орманға жөнелді. Бастапқыда ол 5 минут 
300  м/мин  жылдамдықпен  жүретін  инелікте  отырды,  сосын  200  м/мин 
жылдамдықпен  3  минут  көбелекте  отырды,  ал  сосын  10.  см/мин 
жылдамдықпен жүретің ұлуда 30 минут отырды. Маса қанша жол жүрді?  
 


159 
 
46. Шұбар қабылан мен теңбіл жолбарыс жүгірісте жарысты. Қабылан 1200 
км  қашықтықты  10  сағатта,  ал  жолбарыс  15  сағатта  өтгі.  Екеуінін 
жылдамдықтары қандай болды? 
 
47.  Жыл  құстары-  қарлығаш  пен  қараторғай  туған  өлкелеріне  дейін  жету 
үшін 3000 км өтті. Қарлығаштар күніне 10 сағаттан 3 күн, ал қараторғайлар 
күніне  10  сағаттан  2  күн  ұшты.  Қарлығаш  пен  қараторғайдың 
жылдамдықтары қандай?
 
 
48.  Теңіз  леопарды  пингвиннің  соңына  түскенде,  олардың  арақашықтығы 
112 метр болды. Теңіз леопарды пингвинді неше секунд ішінде куып жетеді, 
егер оның жылдамдығы 28 м/с, ал пингвигінің жылдамдығы 14 м/с болса? 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет