Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен маңызы Лекция мақсаты мен міндеттері: Педагогикалық шеберлік, оның



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата22.12.2021
өлшемі394,72 Kb.
#127411
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-лекция



1-лекция. Тақырыбы:

 Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні 

мен маңызы 

 

Лекция  мақсаты  мен  міндеттері: 

Педагогикалық  шеберлік,  оның 

әлеуметтік  мәні  және  маңызы,  педагогикалық  шеберліктің  негізгі 

анықтамалары  туралы  студенттерге  түсінік  беру,  оларды  педагогикалық 

шеберлікті меңгеруге қызықтыру. 

Лекция мәтіні (қысқаша).   

Шебер...Даль бойынша, бұл өз ісін жетік, қыр-

сырын  меңгерген  адам.  Мұғалім  екі  есе  шебер:  біріншіден,  тұлға 

психологиясының  терең  білгірі  ретінде,  екіншіден,  оқыту  және  тәрбие 

әдістерін жетік меңгерген адам ретінде. 

 

Әрине,  сырт  қарағанда  шеберлік  түрлі  педагогикалық  мәселелерді 



табысты  шешуден,  оқу-тәрбие  процесін  жоғары  деңгейде  ұйымдастыра 

білуден  байқалады.  Бірақ  оның  мәні  осы  іс-әрекетті  туғызып,  табысты 

болуын қамтамасыз ететін мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінде. 

  Шебер  педагогқа  тән  негізгі  сипаттар:  күрделі  мәселелерді  түсінікті 

тілмен,  ұтымды  да  ұғымды  формада  ұсына  білу  ептілігі,  өз  әрекетімен  қай 

баланы  да  еліктіре  білуі,  шәкіртті  белсенді  іс-әрекетке  келтіріп,  оны 

шығармашыл  білім  ізденісіне  бағыттау:  бақылай  білу,  өз  өміріне,  оның 

әркилы  қылық-әрекетінің  себептеріне,  олардың  қалыптасуына  ықпал 

жасаушы  деректер  мен  құбылыстарға  талдау,  өзінің  қызмет  мәнерін 

ескерумен  білімдену  кеңістігін  ұйымдастырудың  нақты  шарттарына 

сәйкестікке,  теориялық  және  қолданбалы  психологиялық-педагогикалық 

білімдерді,  озат  педагогикалық  жетістіктерді  өзгеріске  келтіріп,  жаңалап 

бару. 

Педагогикада    кәсіби    қызметтің    сапасын    анықтайтын    біртұтас    әрі  



жүйелі  түсінік  «педагогикалық  шеберлік»  болып  табылады.  Орыс  тілінің  

сөздігінде  «шеберлік  белгілі  саладағы  өнер  деп  анықтама  берілген,  ал  

шебер    өз    ісінде    жоғары    нәтижеге    қол    жеткізген    маман»    делінген 

(С.И.Ожегов,  1990).    Педагогикалық    шеберлікті    адамның    педагогикалық  

жұмысындағы    жоғары    өнерге    қол    жеткізген    ерекше    қалпы  ретінде 

қарастыра    отырып,    оның    кәсіби    қызметтік    және    тұлғалық    тұрғыдан  

өзіндік  өлшемі  бар  екенін  ескеру  керек. 

   Педагог  түрлі  ғылым  саласында  озық  білімді  меңгеру  мен  шеберлікке  

қол    жеткізе    алады    ма?    Өз    әріптестеріміздің    тәжірибесінде    кәсіби  

қызметінен  көре  аламыз  ба? Жоқ, себебі  педагог  сағат  сайын  айналадағы  

өзгерістерді,  жаңалықтарды  қамтып,  ғылымның  заңдылықтарына  сүйену  

арқылы    әдемілік  пен    тәрбиелікті    жеткізе    білу    керек.  Бұл    жағдайда    ең  

обьективті  заңдар  туралы  сөз  болып  отырған,  яғни  нақты  бір  адамның-

педагогтың    өмірге    көзқарасы,    қарым-қатынасы    туралы    екенін    түсіну  

маңызды  болмақ. 

    


Педагогикалық    шеберліктің    кейбір    анықтамаларының    мазмұнын 

кеңес    дәуірімен    қазіргі    отандық    ғылыми-әдістемелік    әдебиеттерден  

қарастырамыз. 



    

Педагогқа    қойылатын    талаптар    туралы    ағарту    саласы    бойынша  

халық    комиссары    А.В.Луначарскийдің    мақалалары    мен  басылымдарда  

жарияланған    сөздер    деп    білеміз.    1928  жылы    тәрбиешілер    мен    қоғам  

қайраткерлерінің    мәжілісіндегі    сөзінде    ол    педагогқа    жүктелетін  

жауапкершілік  ерекше  екенін  атап  айтқан: «Егер  алтын  құятын  шебер  

оны  бүлдіріп  алатын  болса,  онда  оны  қайта  құюға  болады,  егер  асыл  

тастар  бүлінсе,  онда  іске  алғсысыз  болып  қалады,  бірақ  ең  зор  баға  

жетпес    гауһар-өмірге    келеттін    адам.    Адамды    бұзу    ең    ауыр    қылмыс  

немесе    үлкен  күнә.  Бұл  материалмен  алдын-ала  не  істейтініңді  анықтап  

нақты,  айқын  жұмыс  істеу  керек»  дейді. 

      Н.К.Крупская  1932  жылы    жарыққа    шыққан    «Мұғалім    туралы»    деген  

мақаласында  «үлгілі  мұғалімнің  мерейі»  ретінде  төменгі  критерийлерді  

анықтады:  мұғалім  өз  пәнін,  әрбір  оқушыны,  еңбекті  ұйымдастырудың  

ғылыми    негіздерін    білуі    керек,    оқушының    қабілетін    оята    білуі,  

оқытудың  әдістемесін  меңгеруі,  оқу  мен  тәрбие  жұмыстарын  ұштастыра  

білуі,  беделді  бола  білуі  қажет. 

     Педагогикалық    шеберлік    туралы    А.С.Макаренконың    пікірлеріне  

сүйенер  болсақ,  оның  дәлелдеуінше,  шеберлік-бұл  «тәрбие  процесін  шын  

мәнінде  білу,  тәрбие  ісінде  біліктің  болуы».  Бұл  жөнінде ол:  «Мен  білік  

пен    дағдыға    негізделген    шеберлік    қана    мәселені    шеше    алатынына    өз  

тәжірибемде    көз    жеткіздім»  дейді.    Одан    әрі    жоғарыда    келтірілген  

шеберлік  туралы  түсінікті  ережелер  қатары  кездеседі,  «дауысты  келтіру-

өнер,  көзқарасы  мен  қозғалысы, тұру,  отыру, орындықтан  көтерілу,  күлу  

бәрі-өнер    болып    табылады».    «Мен    өзімді    нағыз    шебер    болдым    деп  

есептедім,  тек «мұнда  кел»  деген  сөзді  15-20  түрлі  етіп  айта  алатын,  

даусымды,  бет  әлпетімді  20  түрлі  етіп  құбылта  отырып,  кімді  болса  да  

өзіме    шақырғанда    келетіндей    және    не    істеу    керек    екенін    бірден  

түсінетіндей  дәрежеге  жеткенде  ғана»  дейді. 

       В.А.Сухомлинский бұл  түсінікке  нақты  анықтама  бермейді,  дегенмен,  

ол    педагог    тұлғасы    тәрбиеленушіні    тәнті    ететін,    өзіне    тарта    білетін,  

рухтандыратын    болуы    керек    деген    пікір    айтады.    Ол:    «Идеалдар    мен  

қағидалардың,    көзқарастары  мен    талғамының,    симпатия    мен  

антипатияның,    моральдық-әдептілік    қағидаларының   педагогтың   сөзі  мен  

ісіндегі  гармониялы  тұтастығы-міне,  осындай  қасиеттер  жалындаған  жас  

ұрпақтың  жүрегіне  жол  табатын  шоқ  жұлдыз  болады»  дейді.  Сондай-ақ  

ауызбіршілік    тәрбиеші    үшін    органикалық    қажеттілігі    ретінде    өте  

маңызды,  әрі  жан  дүниесін,   жеке  бақытын,  ой-санасын  онсыз  елестете  

алмайтын  өмір  заңы  екенін  айтады. 

    


А.И.Щербаков    педагогикалық    шеберлік  –  мұғалімнің    ғылыми,  

әдістемелік  өнерінің,  білігі  мен  дағдысының,  жеке  қасиеттерінің  үндесіп,  

үйлесуі    деп    санайды.    Мұндай    үйлесімді    тұтас    әдістемелік    өнер    тек  

шығармашылықпен  ғана  туындайтыны  айдан  анық.  Бұл  өнердің  негізгі  

атрибуты – өз жұмысын  үлкен  жауапкершілікпен  орындау  дейді. 

   


 Ю.П.Азаров  тәрбиешінің    шеберлігінің    маңызы    туралы    айта    келіп,  

оның  мәнін  төмендегіше  ашады: «педагогикалық  шеберліктің  негізі  бала  




тәрбиесінің    заңдылығын    білу    болып    табылады»    дейді.  Одан    әрі  

шеберлікті    құрайтын    құрамдас    бөліктерінің   өзара    әрекеті    туралы    айта  

келіп,    шеберлікке    берген    анықтамасын    дамыта    түседі:  «сезім    мен  

техниканың    өзара    әрекеті    педагогтың    жеке    тұлғаға    немесе    ұжымға  

жаппай  эмоционалды  образды  ықпал  жасауына  әкелетінін  айтады». 

     


Міне,    шеберліктің    құдіреті  –  осындай    тұтасқан    үйлесімде.  

Ю.П.Азаров    қалың    оқырман    қауымына    арнаған    публицистикалық 

басылымында:  «мен    шеберліктің    формуласын    қайта-қайта    айта    беруге  

дайынмын,    оның    мәні:    технология,    қарым-қатынас,  тұлға    сияқты  

үштікте»  дейді.  

        Н.В.Кузьмина    шеберлікті    маманның    өз    жұмыс    жағдайын    зерттеп,  

зерделей    білуі,    кәсіптік    білімдерін    оңтайлы    шешу    үшін    кәсіби  

біліктілікті  меңгеруі  деп  анықтайды. 

      

Н.В.Кузьминаның    пікірінше  педагогтың    кәсіби    шеберлігі    тәжірибе  



мен  оқу  міндеттерін  шеше  білуді  жоғары  деңгейде  меңгеру.  Бұл  жалпы  

еңбек  пен  жалпы  интеллектуалдық  білік  қалыптасқанда  ғана  жеткілікті  

биік    дәрежеге    ие    болады    (талдау,    синтездеу,  жалпылау,    ауыстыру,  

нақтылау  саласында). 

     

 Ю.К.Бабанский  «мұғалім-кәсіби    технологияны    еркін    меңгерумен,  



шығармашылығымен    бала    оқытуда    және    бала    тәрбиелеуде    ерекше  

шебер»    деп    көрсетті.    Сондай-ақ    автор    педагог    еңбегінің    қарапайым  

қырларын  дұрыс  талдау  және  педагогтық  оптималды  шешім  жасау  мен  

оқушының  жеке  басы  сияқты  қасиеттерге  тоқталады. 

   

Н.В.Кухарев  мұғалімнің  белгілі   дәрежедегі  педагогтық  шеберлігін  



қарастырудың  дұрыстығын  айта  келіп,  оның  шеберлігі  психологиялық –

педагогтық  дайындығының  жоғары  деңгейіне  негізделуі  шарт  дейді. 

    

Павлютенкованың  ойынша, мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  төмендегі  



компоненттер    құрайды:    а)  тұлғаның    мотивациялық    саласы;    ә) 

операциялық-техникалық  саласы (интегралдық  бірігу, жалпы  арнайы  білім  

мәнділігімен  сипатталады);  б) тұлғаның  өзін-өзі  тануы. 

    


 В.А.Сластениннің  педагогикалық    шеберлікке    берген    анықтамасы  

Ю.П.Азаровтың  пікіріне  жақын,  ол  педагогтық  шеберлікті  педагогикалық  

технологиямен    өзара    байланыстырады,    дегенмен,    ол    тек    операциялық  

компоненттерімен  шектелмеуі  керек,  адамның  жеке  іскерлігі  мен  оның  

бойында    педагогтық    процестің    жоғары    тиімділігін    анықтайтын  

қасиеттерінің  сабақтасып  жатуы  деген  пікір  айтады. 

     

И.П.Андриади педагогикалық  шеберлікті  жеке  тұлғаның  рухани-әдеп  



және    интеллектуалдық    дайындығы,    қоғамның    әлеуметтік-мәдени  

құндылықтарын    шығармашылықпен    ұғындыратын    қасиеті    деп  

қарастырады.    Және    де    теориялық    білімді    тәжірибемен    ұштастыруда  

кәсіби  білік,  дағдының  болуы  маңызды  деп  атап  көрсетеді. 

Педагог    әрқашанда    өзін    қоғам    талабына    сай    үздіксіз    тәрбиелеп  

отыратын,  адамдармен,    әсіресе,  оқушылармен    қарым-қатынасқа    тез    түсе  

білетін,    ұйымдастырушылық    қабілеті    бар,    өз    пәнін    жетік    білетін    әрі  

уағыздаушы,    таланты    мен    тәжірибесі    тоғысқан,    өзінің    қоғамындағы  




саяси  өмірге  белсенді  араласып,  өз  елі мен  жеріне  деген  сүйіспеншілігі  

негізінде  оқушыларға  үлгі  болуы  керек. 

   Педагогикалық    шеберлік-тек    қана    мұғалімнің    жалпы,    жан-жақты  

және    әдістемелік    сауаттылығы    ғана    емес,    ол  -  әр    сөзді    оқушыларға  

жеткізе  білу,  олардың  толық  қабыл  алуы.  

Педагогикалық  шеберлік  үнемі  жетіліп  отыруды  қажет  ететін 

балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз 

қалауымен  жұмыс  істейтін  әр  педагогтің  қолы  жетуі  мүмкін.  Педагог  —  өз 

ісінің  шебері,  жоғары  мәдениетті,  өз  пәнін  терең  меңгерген,  ғылым  мен 

өнердің 


тиісті 

салаларынан 

хабардар, 

жалпы, 


әсіресе 

балалар 


психологиясының  мәселелеріне  қанық,  оқыту  мен  тәрбиенің  әдістемесін 

жетік игерген маман. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет