Лекция №14 Атомдық және ядролық физика. «Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі. Лекция жоспары: 1


Атом және атом ядросы жайлы негізгі мәселелер жүйесін түсіндіру



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата23.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#127866
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
14-лекция. ФОТӘ

Атом және атом ядросы жайлы негізгі мәселелер жүйесін түсіндіру 

1.

 



Ең алдымен, атом құрылысының күрделі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу қажет. Ол 

үшін  радиоактивтілік  құбылысын  қарастыруға  болады.  Радиоактивтілік  –  кейбір 

заттардың  өзінше  сәуле  шығару  қасиеті  екендігі  түсіндіріледі.  Оның  шындық  факт 

екендігі  радиоактивті  элементтің  ионизациялау,  жылу  және  химиялық  әсерлері  арқылы 

дәлелденеді.  Яғни,  радиоактивті  сәулелердің  жәрдемімен  зарядталған  электроскоптың 

ионизациялануы,  ыдыстағы  судың  жылынуы  (1  гр.  Радийден  бөлініп  шығатын  жылу 

арқылы  6  тәулік  ішінде  бір  стакан  суды  қайнатуға  болатындығы  туралы  нақты  мысал 

келтіру  ойға  қонымды),  фотопластинкадағы  кескіннің  өңделіп  байқалуы  баяндалады. 

Ендеше,  радиоактивті  құбылыс  –  атомның  ішінде  өтетін  процестің  нәтижесі  деп  ой 

түйіндейміз.  Бұдан,  атом  –  күрделі  бөлшек,  оның  құрылысы  қандай,  ол  өзі  қандай 

бөлшектерден тұрады? Деген заңды сұрақ туындайды. 

Осы  сұрақтарға  жауап  ретінде  Резерфордтың  фундаментальды  тәжірибесі  түсіндіріліп, 

атомның  ядродан  және  электроннан  құралатыны  дәлелденеді,  ол,  теориялық  тұрғыдан, 

Резерфорд және Бор модельдері арқылы айқындала түседі. 

2.

 

Атом ядросының құрылысын анықтау туралы зерттеулер Резерфордтың азот  атомын 



  - 


бөлшекпен 



4

2

He

атқылау тәжірибесінен (1919 ж. ) басталғаны атап көрсетіледі: 

 

 



                                               

1

1



17

8

14



7

4

2



H

O

N

He



        


Осылайша  жасалған  көптеген  тәжірибелердің  нәтижесінде  ядроның  протон 

 


1

1

H

 деп 

аталатын жаңа бір бөлшегі табылғандығы түсіндіріледі. 



Сондай-ақ,  ядроның  нейтрон  (o  n

1

)  деген  тағы  бір  бөлшегінің  табылғаны  жайлы  түсінік 



беріледі: 


 

                                                  

1

12

6



4

2

9



4

n

C

He

Be

o



Атом ядросының протондар мен нейтрондардан тұратындығы, ядродағы олардың сандары 



жайлы (M =Z –N) Д.Д.Иваненконың теориясы баяндалады. 

Ядроны  құрайтын  бұл  бөлшектердің  өзара  әсерлесу  энергиясы  өте  үлкен,  ол  ядролық 

энергия деп аталатыны жайлы қорытындыланады. 

3.

 



Әдетте,  кез  келген  элементтің  ядросын  атқылау  арқылы  ыдыратып,  оның  ішкі  ядролық 

энергиясын  пайдалану  тиімді  бола  бермейді.  Олардың  ішінен  тізбекті  реакция  деп 

аталатын,  уранның  ядросын  ыдырату  процесінің  пайдалы  екендігі  ерекше  атап 

көрсетіледі. Уран қазандарында жүретін сондай тізбекті реакциялардың негізінде ядролық 

энергия  алынып,  оның  практикалық  мақсаттарда  қолданылуы  баяндалады.  Нақты  мысал 

ретінде атом электр стансасы мен ядролық бомбаның жұмыс принциптері түсіндіріледі. 

Мұның негізінде ―атом қандай күрделі болса, электрон да сондай сарқылмайды, табиғат 

шексіз. …‖ екендігі дәлелденеді. Қазіргі уақытта ядродағы нейтрондардың біреуі протонға 

айналғанда, электрон шығатыны анықталды. Екіншіден, электронды жұту нәтижесінде 

протон нейтронға айнала алады. Фотондардың электрондар ме позитрондарға және 

олардың керісінше түрленуі – материя қасиеттерінің сарқылмайтындығына жақсы дәлел 

екендігін айтып, оқушыларға кең философиялық ой салумен сабақты сәтті аяқтаған 

қолайлы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет