Патентті қалай алуға болады?
Патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық
органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.
Есеп-қисапты қағаз түрінде немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-
порталы арқылы:
1) жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы
салықтық ӛтінішпен бір мезгілде;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе ӛзге де арнайы салық режимінен ауысуды
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер – патент негізінде арнайы салық режимін қолдану айының 1
күніне дейін;
3) кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке
кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді
тоқтата тұру мерзімі ӛткенге дейін ұсынады.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін
патент негізінде арнайы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе ӛзге де арнайы салық режимінен ауысуды жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлер үшін есеп-қисап тапсырылған айдан кейінгі айдың бірінші күні
патент негізінде арнайы салық режимін қолдану мерзімі басталатын күн және патенттің
қолданылу мерзімінің басталатын күні болып табылады.
Салық органы 1 жұмыс күні ішінде патентті беруге немесе патентті беруден бас тарту туралы
шешім қабылдауға міндетті. Шешім 2 данада ресімделеді, біреуі салық тӛлеушіге қол қойылып
беріледі.
Егер сіз патент негізінде қызмет атқаратын жеке кәсіпкер болсаңыз, бақылау-кассалық
аппаратты қолданбай, қолма-қол ақша қабылдауға құқылысыз.
Есеп-қисап патент құнын есептеуге арналған салық есептілігі болып табылады.
Патент құнына жеке табыс салығының (тӛлем кӛзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа),
әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың тӛленуге
жататын сомалары қосылады.
Патент құнын тӛлеуді салық тӛлеуші есеп-қисап ұсынуға дейін жүргізеді.
Патент құнының тӛленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде
табыс етіледі.
Жеке кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген
күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент
қалыптастыруды жүргізеді.
Патент негізіндегі арнайы салық режимін:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
28
2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру
мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған жеке кәсіпкерлер
бір айдан аз мерзім ішінде қолданады
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін
тапсыруды тоқтата тұруы үшін салық ӛтінішін орналасқан жері бойынша салық органына
тапсырады.
Патенттің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке
немесе ӛзге де арнайы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, жеке
кәсіпкерлер патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн орналасқан жері бойынша салық
органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етедi
Бұл ретте:
1)
патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi патент негізінде арнайы салық режимiн
қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2)
патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күн салық тӛлеушi таңдаған
жалпыға бірдей белгiленген тәртiпті немесе ӛзге де арнайы салық режимi қолданыла
бастайтын күн болып табылады.
Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
-
жеке кәсіпкерлер үшiн: жеке кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа
тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; салық кезеңі үшін шекті табысы
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша қолданыста болған ең тӛменгі жалақының 1400 еселенген мӛлшерін құраса
(2015 жылдың 1 қаңтарына 29 909 600 теңгені құрайды);
-
заңды тұлғалар үшiн: қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу
адам болса; салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең тӛменгі
жалақының 2800 еселенген мӛлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы
салық режимін қолданады (2015 жылдың 1 қаңтарына 59 819 200 теңгені құрайды).
Салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.
Мысалды талдап кӛрейік:
Біздің құттықтау хаттарын шығаратын шағын типографиямыз бар. Сіз бұл құттықтау хаттарын
сатудан тоқсан сайын 10 000 000 теңге кіріс аласыз. Бірақ бұл кірісті алу үшін сіз бояуға,
жұмысшыларға жалақыға, қағазға, жарнамаға, коммуналдық қызметтерге және т.б. 9 000 000
теңге қаржы жұмсадыңыз, мұның бәрі құжатпен расталған, онда:
егер сіз оңайлатылған декларацияны таңдасаңыз кіріс сомасының (10 000 000 теңге)
3%, яғни 300 000 теңге тӛлеуге тиіссіз;
егер сіз жалпыға белгіленген режимді таңдасаңыз 10 000 000 теңгенің 10% (10 000 000 –
9 000
000), яғни 100 000 теңге тӛлеуге тиіс боласыз.
Арнайы салық режимін келесі қызмет түрлерімен айналысатын ЖК қолдануға құқығы жоқ:
1)
акцизделетін тауарларды ӛндіру;
2)
акцизделетін тауарларды сақтау және кӛтерме саудалау;
3)
мұнай ӛнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизелдік отын мен мазутты саудалау;
4)
лотерея ұйымдастыру және ӛткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотереяны қоспағанда);
5)
жер қойнауын пайдалану;
6)
шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
7)
металлды және түсті, қара металл қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта ӛңдеу
және сату;
8)
кеңес беру қызметтер;
9)
бухгалтерлік есеп және аудит;
10)
сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және
делдалдық қызмет.
11)
құқық, заң және сот тӛрелігі саласындағы қызмет.
Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
29
Жоғарыда кәсіпкерлік түрлері (шағын, орта, ірі) сипатталғанда кӛрсетілгендей, «Жеке
кәсіпкерлік туралы» Заңының 6-бабында кӛрсетілген шектеулерді ұмытпаған дұрыс.
Ауыл (фермерлік) шаруашылығына арналған арнайы салық режимін қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |