Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
98
тұрғындардың әр басына бір жылда 110 кг келеді. Тұрғындардың әл ауқаты ӛскен сайын
зауытта дайындалған нанның тұтыну деңгейі тӛмендеп келеді, әлеуметтік зауытта дайындалған
нанның ең кӛп тұтынуы әр адам басына 200 кг 1997 жылы болды. Бүгінгі күні нан бұйымдарының
нарығы негізінен дәстүрлі емес нандар арқылы дамуда, дайындау рецепті қиын нан
сұрыптарына деген сұраныс кӛбеюде, осыған қарамай «кӛпшілік» тұтынатын нан ұзақ мерзім
бойынша тұрақты болып тұр – оның нарықтық үлесі 50 пайызды құрайды. Ӛнімді сатуды
үйымдастыру үшін келесілерді орындау қажет:
-
Бірнеше магазиндермен ӛнімді жіберу туралы келісім-шарт жасап, ӛнімді жеткізу керек.
-
Кӛтерме фирмалармен келісім-шартқа отыру керек. Бұл нұсқа ӛнімді сату нарығын
үйымдастырудан сізді босатады, екінші жағынан бұл үнемді, наубайхана үшін автокӛлікті және
қосымша персоналды ұстаудың қажеті жоқ.
-
Сату орынын жеке ұйымдастыру. Бұл ӛте қымбат нұсқа, себебі қосымша кӛлік және арнайы
рұқсат қажет болады. Бірақта бұл нұсқаның артықшылығы – сіз әр уақытта ӛзіңіздің ӛніміңізді
сатасыз.
Технологиялық ҥдеріс жҽне жоспар
Нан ӛнімдерін ӛндіру үшін негізгі шикізат ұн, су,тұз бен ашытқы және ерекше ингредиенттер
(кӛкнар ұрығы, күнжіт және т.б.) болып табылады. Ұнды алып келгенен кейін ол қоймада
сақталады. Пайдаланардың алдында ол арнайы машинадағы електен ӛткізіледі. Содан кейін
қамыр дайындайтын машинаға түседі, онда сумен, ашытқымен және әртүрлі қосымшалармен
араластырылады. Осыдан кейін қамыр жасайтын машинада 20 минуттай ұсталады. Содан кейін
қамыр бӛлетін машинаға жетеді, онда бірдей бӛліктерге бӛлінеді. Одан әрі қамыр оны орайтын
машинаға барады, онда батон және әртүрлі ұннан пісірілген тағамдар пайда болады. Онда
қамырдың бір бӛлігі машинаның валикімен ұзынша келген кеспе дайындалады, содан кейін
рулон түрінде оралады.
Осыдан кейін қамыр пісіп жетіліуі үшін, жұмсақ және кеуекті болуы үшін ол бірнеше уақыт
арнайы шкафта ұсталады. Осыдан кейін ол пешке түседі. Пісірілген нан лотокқа салынып,
сатуға жіберіледі.
Бір дана нанды пісіру үшін 298 грамм ұн және 10 грамм қосымша ингредиенттер жұмсалады.
Күніне 400 дана, жылына 144 мың дана нанды ӛндіруге 43000 кг ұн және 1640 кг ингредиенттер
керек болады.
Бір жылда шикізат пен материалдардың шығысы:
Достарыңызбен бөлісу: