жасыл баққа келіп кірдік. Оның ішінде бір зәулім ағаш бар екен, түбінде бір қария мен жас балалар отыр. Қарасам, ағашқа таяу жерде қарсы алдында от жағып бір кісі отыр. Сөйтіп, ол екеуі мені алып ағашты бойлап көтеріліп, бір үйге кіргізді, одан әдемі (үйді)
бұрын-соңды көрген емеспін, оның ішінде қарт кісілер, жас жігіттер, әйелдер мен балалар бар еді. Сосын ол екеуі мені одан шығарды да, ағаш бойымен (тағы
да)
жоғары көтеріліп, (басқа)
бір үйге кіргізді, ол (алдыңғыдан)
әдемірек әрі жақсырақ еді, онда қарттар мен жас жігіттер бар екен. Мен: «Сен екеуің мені түн бойы өздеріңмен алып жүрдіңдер, енді көргендерім туралы айтып беріңдер», – дедім.