Мүмін пенде жаннатқа иман келтірген ата-анасымен,
әйелімен, бала-шаға ұрпақтарымен бірге кіреді. Аллаһ тағала:
«Олар Ғадын атты жаннатқа кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді» 1 , – деген.
Әйелдер жаннатта өзінің ең соңғы отасқан күйеуімен бірге
болады.
Пайғамбар (с.а.с.):
«Әйел (жаннатта)
ең соңғы күйеуінде болады» , – деген
2
.
Аллаһ тағала жаннаттағы ерлі-зайыптылар туралы:
«Олар да, жұбайлары да көлеңкелердегі жұмсақ сәкілерде жастанып жатады» 3 ;
«Жаннатқа кіріңдер. Сендер де, жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер!» 4 – деген.
ж) Жаннаттағы хор қыздары
Пайғамбар (с.а.с.):
« (Пенде жаннаттағы)
үйіне кіреді. Сонда оған хор қыздарынан болған екі әйелі кіріп: «Сені бізге тірілтіп берген және бізді саған тірілтіп берген Аллаһқа мақтау болсын!» – дейді. (Сол кезде пенде)
: «Маған берілгендей (нәрсе)