Өмірі Иранда жалғасты



Pdf көрінісі
Дата23.12.2021
өлшемі28,65 Kb.
#128153
Байланысты:
Иран қазақтары



Қазақтар Кеңес өкіметінің қысымымен Иранға көшті. Сол кезде оңтүстік-батыс

Қазақстан аумағынан 5000-ға жуық қазақ көшіп кетті. Көшіп-қонғаннан кейін олардың

өмірі Иранда жалғасты.

Ирандық қазақтарды кездестіруге болатын басты үш қала — Горган, Гонбад жəне

Түркімен. Жергілікті тұрғындар қазақтарды і «казахла» деп атайды.

Иранның Гүлістан провинциясына қоныс аударған қазақтардың бүгінгі ұрпақтары нағыз

ирандықтарға айналған. Бүгінде Ирандағы диаспораның саны 3000-ға жуық.

Басым көпшілігі саудамен айналысады. Балалары парсы тілінде оқығанымен, қазақы

тəрбие қатаң сақталған.

Иран қазақтарының бір ерекшелігі — олар өздерінің ұлттык киімін əлі күнге

қолданыстан қалдырмай келеді. Қазіргі Иран қазақтарындағы əйел киімі — көне

дəстүрдің сарқытын танытады.

Иран қазақтарының үй тұрмысында да ескілікті бұйымдар көптеп қолданылады. Соның

бірі — қазақтық текеметі. Олар текеметті жай-намаз ретінде кіші өлшемде де, кілем

көлемінде де пайдалана береді.

Дəстүрмен біте қайнасқан қазақы махаллада үйлену, үй болу жайы да аталар салған

сара жолдан ауытқымаған. Атастыру, құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру тойлары бүкіл

махаллалық мейрам ретінде тойланады. Ойын-тойда парсыша, қазақша əндер

айтылады. Домбыра тартушылар азайған. Иран қазақтарының тілдері таза сақталған,

десек те, кейінгі жастар арасында парсы сөзі аралас қазақ тілімен сөйлеу заңды

құбылысқа айналған.

Иран қазақтарының мамандықтары — жүргізуші, механик, техникалық қызметші,

бақташы. Негізінен, бұл елдегі қазақтардың тұрмыс деңгейі орташа, сондықтан кейбір

əлеуметтік жəне мəдени қысымдарға қарамастан, бұл елдеп көшіп келуші оралмандар



саны да аз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет