5. «Парасат» ордені –
ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері,
сондай-ақ
республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен
молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік
мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін марапатталады.
6. «Достық» орденімен – қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық
татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы
бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі
үшін марапатталады.
7. «Отан» орденімен – мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі,
экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы,
мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен
әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі марапатталады.
25-жаттығу. Сөйлемді қысқартып не толықтырып жазыңыздар.
1.
Халықаралық сыйлықтар ішіндегі ең беделдісі – Нобель сыйлығы.
2.
Бұл сыйлық 1895 жылы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі
Альфред Нобельдің өсиеті бойынша тағайындалған.
3.
Сыйлық көлемі – 1 млн. 100 мың АҚШ доллары.
4.
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап әдебиет, физика, химия,
физиология және медицина саласындағы жаңалықтар үшін беріледі.