Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата24.12.2021
өлшемі2,08 Mb.
#128510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ilovepdf merged

КІРІСПЕ 
Бұл кітапты оқығанда,  сіздерге ешбір қиындық туындамайды.
Керісінше,    бір  оқып  бастағанда  тоқтамай  аяғына  дейін
жеткеніңізді де байқамай қаласыз. Себебі, мен осы кітапқа бар
махаббатымды,  және  сіздерге  пайдалы  болатын  ілімімді
арнадым. Кітаптың тілі өте жеңіл, қарапайым әрі түсінікті, бұл
жерде сіз қиын терминдер кездестірмейсіз. Дәл қазір менімен
бетпе-бет  отырып  сөйлескендей  әсер  алып,    сіздің  жақын
құрбыңыздан кеңес алғандай күйде боласыз.
Ең бірінші,  осы кітапты жазудағы мақсатым- барша тұрмысқа
әлі  шықпаған  қыздарға  көмегімді  беру.  3  жылда  маған
«тұрмысқа  шыққаныма  өкінемін,  тұрмысқа  қателікпен
шықтым»  және    «жігітімнің  көп  қасиеті  ұнамайды,  бірақ
айырылысуға  қимаймын»    сынды  хаттар  көп  келеді,    бұның
себебі  неде  деп  ойландым.  Қыз  бала  өте  нәзік,    әрі  көнгіш
келеді. Алғашқы сүйгеніне қатты бауыр басып,  көзі байланып,
тіпті 
минустарына 
көзін 
жұмып 
тұрмысқа 
шыға
салатындығынан деп ойладым. Оның да себебі бар ғой,  біздің
қыздарға  кіші  жасынан  «Болашақ  жарыңды  мұқият  таңдау
керек,  ол ертең сенің бақытты болуыңа себепкер болады»  деп
үйретпейтіндігінен.  Біздің  құлағымызға  «Таңдаған  тазға
жолығады»  деп  құяды.  Мен  бұл  сөздердің  қаншалықты  қате
екенін  осы  кітапта  дәлелдеп  беремін.  Сізге  тек  қана  осы
кітапты тыныштықта,  асықпай,  бір демде оқып шығу керек.
Егер  сіздің  сәтті  тұрмысқа  шығуыңызға  себепкер  бола  алсам, 
 менің миссиям орындалды деп білемін.
Ізгі ниетпен,  сізге тек жақсылық тілейтін құрбыңыз- Сабира.


«Некеге  дейін...»  кітабымның  алғашқы  беттерін  «Жігітпен
қалай танысамыз?» тақырыбына арнауды жөн көрдім. Жігітіңіз
бар  болса,  онда  бұл  бөлім  сізге    жігітіңізбен  айырылысып
кеткен  жағдайда  немесе  сіздің  құрбыларыңызға  керек  болып
қалуы мүмкін.
Менің айтқым келіп отырғаны, ол 15 минуттан 2 сағатқа дейін
әңгіме  айтып  отыратын  ер  адам.  Егер  бір  ғана  ер  адам  болса
немесе мүлдем жоқ болса, онда сіз жақын арада сіздің көңіліңіз
толатын, талаптарыңызға дәл келетін ер адаммен таныспайсыз.
Ол  үшін  сізге  өте  көп  уақыт  кетеді.  Мен  осы  кітапта  кейбір
принциптерді,  ережелерді  айтамын.  Мен  -  реалистпін.
Махаббат  деген  нәрсеге  реалисттік  көзбен  қараймын.
Гормондар,  бауыр  басу,  өмірдің  тек  қана  жақсы  жақтарын
көру,  қабылдау  (розовые  очки)  міне  осылар  жайлы  айтуым
мүмкін.
Некеге дейін...
6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет